» » » САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕН
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:51
9894- рет көрілді

САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Саққұлақ шешен (шын аты – Сәбелең) бұрынғы Ақмола уезі, қазіргі Ақмола облысы Ерейментау деген жерде 1800 жылы дүниеге келген. Қазақ халқының тарихында есімі мәлім Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі. Тікелей тұқым қуып қарасақ, Бөгенбай батырдың баласы – Тұраналы, одан Бапан би, Бапаннан Саққұлақ туған. Бұл деректер Кемпірбай ақынның Саққұлақтың өзіне айтқан өлеңінде кездеседі.
Ассалаумағалейкум, боз арғымақ,
Қол бастап, ата жауға тартқан садақ.
Бөгенбай Тұраналы, әкен Бапан,
Ежелден ел қорғаған кәрі аруаққ
Саққұлақ бидің әкесі Бапан бұқарашыл, кішіпейіл, ақиқатты сүйген, рақымды адам болған. Әкесінің осындай қасиеттері Саққұлақ бидің ле бойына дарыған. Жас кезінен зерек болып, билердің шешендік өнерімен қатар Тәуке ханның «Жеті жарғысың» жақсы менгерген екен. Осыған орай ол қазақ даласында өмір сүрген ділмар жыраулардың дастандары мен өсиет-қиссаларын, қазақ халқынын, қазақ халқының ежелден бергі тарихын жетік білген. Мал жайын жақсы білген, қолы ісмер болыпты. Қарттардың айтуынша табақ, саптаяқ сияқты үй тұрмысына қажетті бүйымдарды сол аймақта одан артық ешнім жасай алмаған көрінеді. «Ермек болады» деп ол кәсібін қартайған шағында да тастамаған екен. Саққұлақ шешен саятшылықпен де айналысыпты. Ол кісі 88 жасында дүние салады. Зираты Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Қоржынкөл деген жерде.

САҚҚҰЛАҚТЫҢ НАҚЫЛДАРЫ

Адам баласына тән, бірін-бірінен туындайтын үш қасиет бар. Ол: қалжындық, алжушылық. Жасында қалжын болған адам өскенде мылжың болады, қартайған соң мылжың адам алжиды.
.........................................................................................................................................
Бас болатын жігіттің бес белгісі болмақ: тыңдай білу, сыйлай білу, сынай білу, жылай білу, шырай беру.
Осыған қатты тас болмас,
Еліне тәтті бас болмас.
..........................................................................................................................................
Батыр жігіт жау шаншар қан шығармай,
Шешен жігіт дау даулар жан шығармай,
Таразысы шешеннің тындаушысы,
Одан өтер артынан шаң шығармай.
........................................................................................................................................
Өзі жаман туады –
Анасынан көреді.
Дауы тентек болады-
Төрешіден кқреді.
Сауыты жаман болады –
Жебешіден көреді.
...................................................................................................................................
Ғылым шала ақылды кісіні бүтін ақылды қылады,
Бүтін ақылды кісіні дана қылады.
Жалқаулық бүтін ақылды кісіні шала қылады,
Шала ақылды кісіні жынды қылады.
...........................................................................................................................
Биік болса тасыр-ды,
Кішік болса – құрт-құмырсқа басыр-ды,
Орта болса, өмір бойы жасыр-ды.

Екі түйе бие болмас,
Жалғыз түйе – түйе болмас.
Өз малынан кізінген,
Кісі малын іздеген,
Өз малына ие болмас.


Дүниеде үш қодаң бар:
Төренің төңірегінде – қодаң,
Күйеудің жолдасы – қодаң,
Күйеуінің қосшысы – қолдаң.

Аңсағанда ішкен су,
Шекер емей немене,
Ат жолынан табылған
Бекер емей немене
Парасатпен салған жол,
Жетек емей немене –
Жақсы болса ат шіркін-
Қанат емей немене.
Жылы болса тайтерің –
Жанат емей немене.
Түзу жолға бастаған
Ілім емей немене
Теріс жолға бастған
Залым емей немене.
Көрген-білген іс болса,
Сабақ емей немене.
Жүрген-тұрған жеріңіз
Суат емей немене.
.....................................................................................
Қыз күнінде балақ-балақ,
Қатын болған соң далақ-далақ.
Қыз күнінде қыздардың бәрі жақсы,
Жаман қатын жүр осы қайдан тарап.
Жарықтық толып жатыр салдыр-салақ,
Ыдысқа су тимейтін босқа тарап,
Өмірдегі шешпеген жұмбақ нәрсем,
Қайдан жүр бізге салқам балақ.
.................................................................
Жақсы қатын алсаңыз дұр шекер-ді,
Жаман қатын алсаңыз тілі удан бетер-ді.
Бір қатынның мекерлігі
Қырық есекке жүк болыпты,
Жақсы болса күйеуі,
Әйелдің алтын тағы да,
Мешеу туған байғұстың
Мұратқа жеткен шағы да,
Үйде отырған мұнлықтың,
Басына қонған бағы да.
Жаман болса күйеуі,
Әйелдің түскен торы да.
Шыға алмайтын мұңлықтың
Қазылған терен оры да.
Өмір бойы зар татып,
Ашылмайтын соры да.
Күн де, түн де қаранғы,
Адамның бір қоры да.
....................................................................
Орман-тоғай - жер сыны,
Бетеге-жусан – бел сыны,
Көкорай-шалғын – көл сыны,
Азық-түлік – жол сыны,
Атақты ер – ел сыны,
Екі баспау ер сыны.
.......................................................................
Ақыл – адамды аздырмайтын ем,
Білім – таусылмайтын кен,
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі талап,
Шолғыншысы – кәсіп,
Қорғаны сабыр,
Қорғаушысы – мінез.
........................................................................
Ағасы бар – дұшпанға құрған ауындай,
Атасы кімнің бар болса – асқар биік тауындай,
Атасы бар адам – ағатын бұлақ сауындай,
Інісі бар адам - қашырады жауынды,
Келің, бала-шағасы – пісіп тұрған қауындай.
Алыстан іздеп дос келсе, ықыласпен тос оны,
Сүйерменің болмаса, жан-жағына қаранып.
..........................................................................................................
Қартайғанда тілеуім төрт нәрсе деген екен: шырағымды сөндірме – денсаулық бер, өзіме лайық жолдас – әйел бер. Кірер жерімді тарылтпа, түзу көрші бер.
.........................................................................................................
Төрт нәрседен қашық қыл:
Тәубесіз адамға жолықтырма,
Арамзадан бала берме,
Бейшара әйелден аулақ қыл,
Ашулы-қиялды қылма.
............................................................
Ел адамымен сөйлессең – ауыл-аймағын айтады,
Кент адаммен сөйлессең – үйіндегі жиғанын айтады,
Қыр адамымен сойлессен – бота мен тайлағын айтады,
Әйелменен сөйлессен – құрт-майы мен қаймағын айтады,
Тексіздермен сөйлессең – аузына қай-ұайдағыны айтады.
.........................................................................................................
Аспан толған жұлдыздан жарқырап тұрған күн артық,
Жабыдан шыққан жүйріктен қазанат туған тай артық,
Түйе сойған жиыннан тоқты сойған той артық,
Ықылассыз жеген етіңнен жайдары берген шай артық.
....................................................................................................

ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ даласындағы бір ауылда ұзатылып қойған бір қыз өліп, келін болып түсетін жердің бай-шонжарлары мен шынжырбалақ-шұбартөс төрелері төленген қалыңмалдың жартысын қайтарғанға риза болмай, дауласып, Саққұлақ шешеннің әділ шешімін сұрапты. Ол кісі асықпай ойланып болған соң дау мәселесін былай шешіпті:
Қарқаралы басын қатын еттіңғ
Бүтін жанып жарты еттің.
Тайдай таладың,
Тайлақтай жүндедің,
Жарты малдан артықты жол қоспайды, -
деп мақалға келтіріп, даугерді тоқтатыпты. Ол кісінің сөзіне ой жіберіп қарасақ, сөздердің ішкі астары «қалыңдық ойнаған қыздың жарты құны кетеді» деген мағанада болса керек.
..........................................................................................................................................
Саққұлақ шешен Шоқан Уәлихановты, оның әкесі Шыңғысты жақсы білген. 1862 жылы Саққұлақ бидің ауылына Шоқанмен бірге Атбасар уезіне аға сұлтандығына дауысөа түскен Ерден Омбыға бара жатып қонақ болады. Әнгіме үстінде Ерден Шоқанның үстінен шағым түсіру үшін бара жатқанын ортаға салады. Сондағы мақсаты- аға сұлтан болып өзінің сайлануы. Шешен оның сөздерін мұқият тыңдап алып, ертеңгісін жолға аттанайын деп жатқанда былай деп жауап берген екен:
Батыр жауда керек,
Шешен дауда керек,
Өз ісіне бармаса,
Өр мінезі қалмаса,
Батырдың басы орда қалар,-
деген екен бұрынғы өткен ата-бабаларымыз.
Ерден Саққұлақ бидің сөздеріне мән беріп, жол бойы көп ойға шомады. Біраз уақыт жүрген соң ол қасындағы адамдарға қарап: «Манағы сөз қалай айтылды, бұл сапарым жөн болмас» деп, атының басын кейін бұрып, еліне қайтып кеткен екен.
.................................................................................................................................
Шоқанның Нүрила деген қарындасы алғашқы рет айттырған күйеуін менсінбей, ақыры оның соңы үлкен дауға айналады. Қызды алып отырған күйеуі ақмолалық Коңырқұлжа төренің немересі Жәнгір төре Сәмеке ханның тұқымы екен. Екі жақтың арасындағы дау Омбы губернаторының алдында қаралын болып, дауға қатысты адамдар сонда белгіленген күні келеді. Істі қарауға екі жақтың ризашылығымен Саққұлақ шешен дауға төбе би болып сайланады. Дауды шешу кезінде екі жақтың пікірлерін әділет таразысына сала отырып, шешен:
- Халқынан шошынған хан оңбас,
Салтынан шошынған би оңбас,
Жүгінен шошынғаг түйе оңбас,
Көгінен шошынған бие оңбас,
Елінен шошынған ер оңбас,
Бесіктен шошынған құда оңбас,
Төсектен шошынған күйеу оңбас, -
деген екен бұрынғы ата-бабаларымыз, ал олрдың өсиеті біз үшін асыл ырыс, сондықтан төсектен шошынған күйеу мен қалындықты қосуға болмайды. Әділеті осы, - деп дауды шешіпті.
Ертенгі күні Саққұлақ шешенді Шоқанның әкесі Шынғыс қонаққа шақырады. Онда Шоқан да болады. Дастарқан басында Шоқан шешенге бірнеше сауал қойыпты.
Шоқан: Біреу жолдан адасса, кімнен сұрайды?
Саққұлақ: Шырағым көнеден сұрайды да.
Шоқан: Көне адасса кімнен сұрайды?
Саққұлақ: Көне адасса көргендіден сұрайды.
Шоқан: Көргенді адасса, кімнен сұрайды?
Саққұлақ: Көргенді адасса, көптен сұрайды.
Шоқан: Көп адасса, кімнен сұрайды?
Саққұлақ: Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды.
Шоқан: Көп оқыған адасса, кімнен сұрайды?
Саққұлақ: Көп оқыған ашық емес пе, ол неге адассын.

Саққұлақ би Шоқанның білімі мен мінезіне қатты риза болып, аттанарда былай беп бата беріпті:
Біліп туған бала екнсің,
Тумысыңнан дана екенсің,
Айла-ақылы дарыған,
Атаң Абылайдың тап өщіндей хан екенсің,
Өсе берсін бақытың,
Үстінде ағар тақыттың!

Сонда Шоқан: «Ақсақал, тақыт дегеніңіз артық болар» деп жымиып, езу тартқан екен. Саққұлақ шешен оған іркілмей: «Мынаны қазақ тақ дейді ғой, білімпазым» деп, қасында тұрған орындықты көрсетіпті. Бұл «тұғырыңнан таймай өт» деген сөзі екен.
Шоқанның дүние салғанын естіген алпыс бес жастағы шешен қатты қайғырып, халық алдында жырмен былай деп тіл қатыпты:

Ескендір жиһан кешті,
Жәмшит адамның майын ішті,
Неше ғалым дүниеден көшті,
Айла таппай бәрі де өшті,
Бұл да сол ғалымның бірі еді,
Арманына жетпей кетті.
...................................................................................................................................

Саққұлақ шешеннің сөзлері кезінде арқаға кенінен тарап кетсе керек. Ол өзінің ұзақ өмірі ішінде ел арасындағы талай дау-дамайларға қатысып, әділдігімен, турашылдығымен көзге түседі. Тышқан жылының (1816) қысында Ұлытау жері мұздақ болып, Алтай-Қыпшақтың қалын жылқысы Ерейменді тебіндеп шығады. Көктемде шаруылар малың түгендесе, сексен жылқы кем болады. Осы малды даулап Байдалы би бастаған кісілер Бапан ауылына келіп түседі. Сонда Бапан:
- Байеке, жоғалған жылқы жалғыз сіздікі емес, жөндіккен тақым жалғыз біздікі емес шығар. Жөн айта отырынңыз, - дейді Байдалы би:
- Тай мініп, тайлақ жетектегінді
Әр жерден көрдің.
Жиенінің жылқысын алып,
Қан сорпа қылғанды
Қай жерден көрдің?
Бір тонау бар – хан тонау,
Бір тонау бар – тон тонау,
Аты-жөні жоқ бұл қай тонау?-
деп шұбырта жөнелгенде, Бапан сөзден тосылып қалады. Осы кезде топ ішінде отырған бір жас өспірім жігіт:
- Биеке, дат! – деп, Байдалының алдына келіп басын иеді.
«Қанжығалының үлкені тұрып кішісінің тұрып сөйлегені қалай?» деп, би мұның сөзін жақтырмай қабақ шытады. Жас өспірім жігіт әрі қарай термелей жөнеледі:
- Уа оның несі сөкет екен?
Атасы тұрып ұл сөйлесе,
Ұлдың ер жеткені.
Анасы тұрып қыз сөйлесе,
Қыздың бой жеткені.
Өсетін жасты
Өлетін кәрі бетінен қақса,
Заманның кері кеткені емес пе?

Байдалы балаға таңдана қарап:
Көп ішінде сөйлеген, жас балам,
Даугерің сенің дақ еді,
Құлағың неткен сақ еді,
Сипатыңа қарасам,
Қара лашын, тұйғынсың,
Сөйлер сөзге келгенде
Бәйге атындай сырғисың.
Көзіме жылы ұшырайсың,
Жөніңді айтшы, қай ұлсың?-
Деп сұрайды. Бала іркілмейді:
- Арғы атам-батыр Бөгенбай, әкем-мына сөзден тосылып отырған Бопан. Алтайдың аузын асқа, адырын атқа толтырған Ішпекбай бабам берген батам емес пе еді? Сол Алтайға ана болған Аққоян да менің апам болатын. Ал бірақ сіздің оппаға құлап, жарға жығылған жылқыңызға бұл елдің түк кінәсі жоқ,-дейді.
- Апырмай, мен тозған екенмін, сен озған екенсің, балам. Сенің билігіңе тоқтадым. Ендеше, дау аяқсыз болсын, даугер атқа қонсын,-деп Байдалы орнынан тұрып кетеді.
Атақты биді сөзден тоқтатқан осы жас өспірім кейін Саққұлақ шешен атаныпты деседі.





Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.