На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:42
4266- рет көрілді

ҚОПА ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Ерте кезде байлардың, бектер мен билердің бет-жүзіне қарамай, ойындағысын айтып салатын Қопа дейтін өжет шешен болған екен. Бір күні ол қадірлі шежіре Саққұлақ ақсақалға сәлем бере келеді. Саққұлақ оған:
- Тоқта, бір ауыз сөз айт, сосын үйге кір? – дегенде, Қопа:
Сөз сұрасаң Қопадан,
Тартысты жерден тартынбан.
Емен, ағаш, бәйтерек –
Бұтағым көкке шарпылған.
Керегің болса сұрап қал
Тіршілікте мына мен тұрған.
Қадірін білмей айырылма
Қолыңдағы алтыннан, -
депті. Сонда Саққұлақ тағы да:
- Сенің атыңды Қопа қойғаны несі? Қозған руында ұры көп болатын еді, олар саған келіп паналады ма әлде? – деген сұрақ береді.
- Атымның Қопа екені рас, қозғанымда ұрының көп екені де рас, бірақ маған паналауға келгендерді саққұлақ иттер арсылдап қуып шыға береді, - деп Қопа Саққұлақтың бетіне қарайды.
Сөзден ұтылған Саққұлақ:
- Қопеке, енді демалыңыз, - депті сасқанынан.
..................................................................................................................................
Қопа селдір сақал кісі екен. Бір күні Семейде Алшынбай мен Құнанбайға кездесіп қалады. Адуында Алшынбай оны бір қағытып қалуды ойлап: «Баянда жүн-жұрқа жинаушы көп деуші еді. Қопеке, сақалыңызды алдырып сатып жібергенсіз бе?» дейді. Сонда Қопа «Сақалды сақтағанша, абыройды сақтаңдар». «Кеше Қаройға барып, параға жеті бие жедің. Сенің тұтамдай сақалың құдай алдында жеті бие үшін жауап бере ала ма?» деп бір сынап тастайды. Алшынбай Қопа алдында айыбым деп 25 сом тастайды.Сонда Қопа шешен: «Ат жақсысы бөз болар, ер жақсысы таз болар», дейді де, бұл да Алшынбайдың білгендігі деп, жиырма бес сомды қалтаға салып алады.
Екеуі құда болғанмен араларында бақталастық жүрсе керек. Алшынбайдың басын сөз қылғанға сүйсінген Құнанбай:
- Қопеке, Алшынбайдың құлағына қолыңызды апармаңыз, ол кісінің басы асау еді, - деп бір күліп алады. Сонда Қопа:
- Соқыр мен төбелдің құлағынан Қопа жаңа ұстап жүр дейсің бе? – деп күлкісін баса алмай отырған Құнанбайды да соқыр деп бүктей кеткеніне сүйсінген Алшынбай:
- Саған да сол керек, сені де түрткен жиырма бес сом ғой, - деп сақылдап күліп рақаттанады.
Құнанбай ұялғанынан қызарып, сау тартып күле алмай, Қопаның алдына жиырма бес сомды тастай салыпты.

Мақала белгілері: Қопа шешен

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.