Бас парақ > XVIII ғасыр > ҚУНАҚ БИ
ҚУНАҚ БИ25-10-2014, 15:44. Орнатқан: arystan |
Ертеде бір қойшы бір атар қойын айдап келе жатса, қой тұяғына домалаған тас сайда тұрған түйеге тиіп, түйе арам қатады. Оның иесі малымды төлеп берсін деп шағым айтып, Албан – Қызыл бөрік Қунақ биге барады. Қунақ би тұрып, түйенің иесіне: - Тас бір отар қойдан құлады ма, әлде бір қойдан құлады ма? –дейді. Түйе иесі: - Бір отар ошарылып бір жерде тұр дейсің бе? Біреуінің тұяғынан шығар –дегенде, Қунақ би: - Бір қойдың төрт аяғынан құлады ма екен, әлде бір аяғынан құлады ма екен?-дейді. Түйе иесі: - Төрт тұяғы бір жерде тұр дейсің бе, біреуінен құлаған шығар, - дейді. Ол кезде бір түйе – жиырма бес қой, бес бесті атқа бағаланады екен. Есептей келгенде, қой тұяғы бір лаққа тең болып шығады. Сөйтіп өлген түйенің құны бір лақ болып шығыпты. ........................................................................................................................................ Бірде бай –болыстар Қунақ бидің жұпыны киімін келемеж қылыпты. Сонда Қунақ би тұрып: - Ұзынды ұл киді, - Қызылды қыз киді, Менің киімім осы, Басқаларды балалар киді,- деп жауап берген екен. Кері қайту |