На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:51
  • 0
2768- рет көрілді

Зекет (діни ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Намаз оқыңдар, зекет беріңдер, ғабадат етушілермен бірге бас иіңдер".Құран кәрім).
Исламның төртінші шарты — зекет беру. Бұл малынан алған өнімінен кұдай, дін жолына, жетім-жесірлерге берілетін үлес. Зекет алтын, күміс қорынан да, ақшалай табысынан да беріледі. Малдан алынатын зекет мөлшері мынадай: 40 қойдан бір, бес түйеден бір түйе, отыз сиырдан бір сиыр, тағы сол сияқты. Жыл сайын зекет беру — әр адамның адамгершілік және мұсылмандық борышы. Бұдан бас тарту, ұмыт қалдыру дін және азаматтық істе де ұят.
Зекет
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:51
  • 0
2782- рет көрілді

Зікір (әдет-ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Міне, бүгінгі кеш зікір сала бастамақшы" (С.Торайғыров). Негізінен зікір салу бақсының ісі. Олар жын шақырғанда, адам емдегенде, дерт көшіргенде, бал ашқанда, болашақты болжағанда зікір салады. Кеңес өкіметі үйреткендей бақсылық, алдау, арбау емес, ол — табиғи қасиет. Бақсының зікір салуы, от ұстауы, қызған темірді тілмен жалауы, жылан ойнауы, көз байлауы ғажайып құбылыс, ерекше құпия сыр. Зікір кезіндегі олардың түр-түсі де, қимыл-қозғалысы да тым ерекше. Тағы бір ерекшелігі бақсылар халық сеніміне де ие болған. Бұрынғы адамдар, үлкен қариялар бақсылық өнерді жоққа шығармайды.
Қазақ даласында көріпкел бақсылар көп болған. Солардың ішіндегі ең Зікір салу кезінде бақсылардың өзіндік сарындары болады. Мысалы:
... Жер жүзінде әулие. Күн көзінде әулие, Машырапта әулие, Мағыранта әулие, Тауда жүрген әулие, Таста жүрген әулие, Шөлде жүрген әулие, Көлде жүрген әулие... Алпыс қойдың терісінен, Бөрік шықпаған шарабас, Жетпіс қойдың терісінен, Жең шықпаған шара бас. Тоқсан қойдың терісінен Тон шықпаған шара бас...
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:50
  • 0
2445- рет көрілді

Құдайы (діни ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Құдайыға боз дөненді лайықтап еді" (Қ.Сәрсекеев). Кездейсоқ апаттан аман қалғанда, азамат қиын сапардан оралғанда немесе адамдық жолына берілетін діни ғұрыптық дәстүр. "Құдайыға" мал сойып, көпшіліктің батасын алады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:49
  • 0
1867- рет көрілді

Құран ұстау (діни ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Ахметті ат-шапанымен аяғына жығып, енді ондай мінез шығармасқа кұран ұстатып, нан жегізіп, баяғы екі жүз теңгені кештіріп, ат-шапанға разы қылды" (С. Торайғыров).
Орынсыз жала жабылғанға өзінің ақтығын дәлелдеу үшін, немесе қылмысын қайталамау үшін, адам қолына мұсылманның қасиетті кітабы құран ұстап "егер осы істе мен кінәлы болсам құран ұрсын" деп ант беріп, нан жейді. Бұл оның кінәсыздығының немесе сертте тұратындығының толық дәлелі. Қарсы жақ адамдары оған сенеді. Кейде одан кешірім де сұрайды. Қазақтың "құран, нан" деп қарғануы осыдан шыққан.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:49
  • 0
2897- рет көрілді

Ораза (діни салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Ораза ұстап, намаз оқитын болыңдар! — деді" (Ғ. Мүсрепов).

Мұсылманның бес парызының бірі. Мұны ораза ұстау немесе "ауыз бекіту" дейді. "Ораза ұстауды 624 жылы Мұхаммед белгілеген" (Ислам. Энциклопедия. 143 бет. Алматы — 1995 ж.). Оразаның шарты бойынша жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұлдан бастап, ауыз бекіткен адам отыз күн күндіз тамақ ішпейді, әдепсіз сөз сөйлемейді, қиянат етпейді. Таңертең күн шықпастан бұрын сәресі (таңертеңгілік), күн батқан соң ауыз ашады. Ауыл адамдары ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіп, жақсы тағамдар дайындап "ауыз ашарға" шақырады. Ораза ұстаудың бірнеше жолдары бар. Шариғат (дін заңы) бойынша денсаулығы жоқ, бала емізген әйелдер, жолаушылар, балалар, есі дұрыс емес жандар оразадан босатылады. Оразаның алты түрі бар: 1. Парыз. 2. Уәжіп. 3. Сүннәт. 4. Мәндүп. 5. Нафила. 6. Мәкру. (Мұхтасар) 137-бет). Кәмелетке толған әр мұсылман ораза ұстауға міндетті. Ораза жыл сайын 10 күн бұрын келіп тұрады. Оразаның адам денсаулығы үшін пайдалы жақтарын шығыс ғұламалары талай рет дәлелдеген.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:48
  • 0
4229- рет көрілді

Ауыз ашар (дәстүр, дін)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

Салтта ауыз бекіткен яғни ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіледі, сыйлайды. Сонымен бірге кешкілік күн батқан соң оларды "ауыз ашарға" шакырып, дәмді, сыбағалы тағамдар ұсынып, сауабын алады. Ораза ұстағандарды "Ауыз ашарға" шақыру қасиетті дінімізді де, оған бас июшілерді де құрметтеудің белгісі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:47
  • 0
2795- рет көрілді

Намаз

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Енді намаздың аты — салауат, салауат дұға мағынасында'* (Абай).
"Исламның екінші шарты — намаз оқу. Алла-тағалаға шексіз сену — ең биік парыз. Содан соңғы үлкен парыз және маңыздысы намаз оқу. Намаз — имандылық көрінісі. Шынайы дін атаулының бәрінде де намаз дұғалары бар.
Намаздық парызы он екі. Намаздың сыртқы парыздарын шарттар, ал ішкі парыздарын ұстын яки таған деп атайды. Намаз шарттары алтау: 1. һадестен тазару. 2. Нәжістен тазару. 3. Әуретті жабу. 4. Құбылаға бет қарату. 5. Уақытты өткізіп алмау. 6. Ниет ету. (Мұхтасар).
Бес уақыт намаз: 1. Таң намазы. 2. Бесін намазы. 3. Екінді намазы. 4. Ақшам намазы. 5. Жашиық намазы.
"Намазды бір аллаға бой ұсынып, содан қорқа отырып оқыңдар!" (Құран кәрім). Намаздың денсаулыққа да, тазалыққа да пайдасы зор.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:46
  • 0
2566- рет көрілді

Пітір (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

Жыл сайын ораза, айт кезінде мешітке арнайы апарып, әр адам ата-бабаларына т.б. аруақтарға бағыштап құран оқытып берілетін садақасының бір түрі. Пітір беру тек діншілдік емес, ол тірілердің аруақтарға деген құрметі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:46
  • 0
3373- рет көрілді

Садақа (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Садақаны сауда бер" (мақал). Жетім-жесірге, кәріп-кәсерлерге немесе дін жолына ақшалай, заттай берілетін құдайы. Садақа беруші адам өзінің үй-ішінің амандығына қол жайып бата тілейді және "батаңыз қабыл болсын" деп бет сипайды. Мүсәпірлерге қайыр садақа беру әр мұсылман баласы үшін міндетті болып саналады. "Садақа берсеңдер — құдайға құлшылық етіп, ешқайда шықпайтын, алыстан ешқайда бара алмайтын жоқ-жітікке беріңдер" (Құран кәрім). "Садақа бергеннен пенденің малы кемімейді" (Мұхаммед Пайғамбар)
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:41
  • 0
2431- рет көрілді

Сыйыну (діни ұғым)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Сүйендім абақтының шарбағына, сыйындым атам Қазыбек аруағына" (Мәди).

Әруаққа, тәңірге, пірге және басқа күш пен сенім иесіне сыйыну түркі халықтарының ежелгі дәстүрі. Мұнда ер адам жауға шапқанда, қиын сапар жолында, дертке ұшырағанда, жараланғанда немесе жайшылық, тыныш өмірде де үлкен күшке сыйына береді. Әсіресе, палуандар, мергендер мен аңшылар, қарт адамдар, тағы басқа әр іске талапкерлердің көбінесе аруаққа сыйынатын әдеттері бар. Малдың да, жанның да сыйынатын пірлері бар. Мысалы, аурулар дерт иесі Лұқпанға, әйелдер Бибі Фатима анасына, жас батырлар Қабанбай, Бөгенбай аруағына сыйынады. Малшылар төрт түлік пірлері жылқыда — Қамбар атаға, түйеде — Ойсыл қараға, сиырда — Зеңгі бабаға, қойда — Шопан ата, ешкіде — Шекшек атаға сыйынып, жұмысына кіріседі. Сыйыну адамның сенім күшін, іске қабілетін арттыратын құпия құбылыс. Әулие-әнбиеге сыйынғанда оның басына түнеп, мал сойып денсаулық, бала тілейтін әдет бар.
Қазақтың қасиетті жерінде Қожа Ахмет Иассауи, баба түкті шашты Әзиз, Бекет ата, Райымбек батыр, Марал ишан, Оспан қожа, Жанқожа батыр сияқты аруақты, киелі әулиелердің орындары көп. Міне, осы кісілерге сыйыну, басына тәу етуден біздің абыройымыз арта түспесе кемімейді. Мұны жас ұрпақтар жадына да енгізуге ата-ана, ұстаздар, тәрбиешілер міндетті.