На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:41
2434- рет көрілді

Сыйыну (діни ұғым)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Сүйендім абақтының шарбағына, сыйындым атам Қазыбек аруағына" (Мәди).

Әруаққа, тәңірге, пірге және басқа күш пен сенім иесіне сыйыну түркі халықтарының ежелгі дәстүрі. Мұнда ер адам жауға шапқанда, қиын сапар жолында, дертке ұшырағанда, жараланғанда немесе жайшылық, тыныш өмірде де үлкен күшке сыйына береді. Әсіресе, палуандар, мергендер мен аңшылар, қарт адамдар, тағы басқа әр іске талапкерлердің көбінесе аруаққа сыйынатын әдеттері бар. Малдың да, жанның да сыйынатын пірлері бар. Мысалы, аурулар дерт иесі Лұқпанға, әйелдер Бибі Фатима анасына, жас батырлар Қабанбай, Бөгенбай аруағына сыйынады. Малшылар төрт түлік пірлері жылқыда — Қамбар атаға, түйеде — Ойсыл қараға, сиырда — Зеңгі бабаға, қойда — Шопан ата, ешкіде — Шекшек атаға сыйынып, жұмысына кіріседі. Сыйыну адамның сенім күшін, іске қабілетін арттыратын құпия құбылыс. Әулие-әнбиеге сыйынғанда оның басына түнеп, мал сойып денсаулық, бала тілейтін әдет бар.
Қазақтың қасиетті жерінде Қожа Ахмет Иассауи, баба түкті шашты Әзиз, Бекет ата, Райымбек батыр, Марал ишан, Оспан қожа, Жанқожа батыр сияқты аруақты, киелі әулиелердің орындары көп. Міне, осы кісілерге сыйыну, басына тәу етуден біздің абыройымыз арта түспесе кемімейді. Мұны жас ұрпақтар жадына да енгізуге ата-ана, ұстаздар, тәрбиешілер міндетті.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.