"Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе" (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт-дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға "құйрық-бауыр" арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел "бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар" деп тілек білдіреді. Одан барлық кұдалар ауыз тиеді. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі — құжат болып бекітілген.
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет-ғұрыптар әдетте әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай-ақ осы "Құйрық-бауыр" салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әбілмәжінұлының құдалығында "Құйрық-бауыр" ұсынғанда Қанапия кызы Орынбасар құдағи осы қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті. Ол кұдаларға қарап, былай деп әндетті: