На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:48
  • 0
16887- рет көрілді

Жеті ата

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Жеті атасын білмеген — жетесіз (мәтел). Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Қазір де солай. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.
Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан әрі білу үшін адам 100 жылдан астам өмір сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?
Олай болса жеті ата:

1. Бала.
2. Әке.
3. Ата.
4. Арғы ата.
5. Баба.
6. Түп ата.
7. Тек ата. (Ат-тек деген сөз осыдан шыққан сөз).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:45
  • 20
10828- рет көрілді

Енші

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дұние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды. Қыздарға берілетін дүние-мүлікті «жасау» дейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:43
  • 0
13863- рет көрілді

Айдар, кекіл, тұлым

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны - "айдар" дейді, Бұл шаша қоюдың бір түрі. Бұрын ел ғұрыпты көп қолданған. Кәзіргі кезде біздің жас балдардан арасында айдары бар балдарды көп кездесуге болады. Балдарға сонымен қатар тұлым, кекіл де қойылады

Тұлым қою (ғұрып). — Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны "тұлым" деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:38
  • 0
13969- рет көрілді

Асату (дәстүр).

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар. (Жаңылтпаш)


Ет желініп болғаннан кейін төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар "ет асаймыз" — деп, қонақ келген үйдің маңайында жүретін болған. Мұндай халықтық дәстүрді жазушы С.Мұқанов кең насихаттап, қолданып, жалғастырып отырған.

Келіп менің бата алып, көп жасағым,
Өз қолынан Сәбеңнің ет асадым. (С.Мауленов)
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:37
  • 0
8209- рет көрілді

Ұйқыашар

Категориясы: ---

Ұйқыашар (салт). Той мереке (мыс: Наурыз, айт) алдындағы түнде қыз, келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдардан "ұйқыашар" деген тамақ дайындайды. "Ұйқыашар" қыз, жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған.
(Сейіт Кенжеахметұлы)
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:36
  • 0
15966- рет көрілді

Селт еткізер

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

"Ұйқыашар" дайындап өздеріне құрмет көрсетіп қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш сый-сияпат ұсынады. Ол жігіттің "жаман" ойын сезген сезімтал қыздар әрине "селк" ете қалады. Сондықтан да бұл сый "селт еткізер" деп аталады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:35
  • 0
12154- рет көрілді

Сүндет тойы

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Еркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу — үлкен рәсім. Ол — әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің "сүндет тойы" деген сияқты жөн-жоралары болады, "кайырлы, құтты болсын" айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай береді. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаган. Оны "сүндет тойы" деп атайды. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:34
  • 0
4552- рет көрілді

Құлақ тесу

Категориясы: ---

Қыздың құлағын тесу — дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны кұлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Бір қызығы тесілген кұлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе "кұлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді" дейді. Мүмкін мұның да себебі бар шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар... Халық ұғымында қыздың кұлағын тесу — оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Бұл — халық сөзі.
(Сейіт Кенжеахметұлы)
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:32
  • 0
10364- рет көрілді

Алтыбақан (дәстүр, ойын).

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Алтыбақан — ұлттық ойын болғанымен оның салт-дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары түр. Көпшілік ауылдың қыз-жігіттері аулақтау жерге алтыбақан құрып ойын-сауық жасайды. Бұл жастардың өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады. Әншейінде "қызға қырық үйден тыйым" дейтін қазақтың қыздарын алтыбақанға жібермеуге хақы жоқ. Алтыбақанда жастар ән салып, түрлі ойын ұйымдастырып, түн ортасына дейін сауық құрады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:30
  • 60
6843- рет көрілді

Тыйым

Категориясы: Ырымдар » Жалпы ырымдар мен тыйымдар

"Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю" (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі — тыйым, яғни тыйым сөздер. Бұл — балалар мен жастарға "жирен жаман әдеттен" дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне, осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау — жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу — әдепсіздіктің, қолды төбеге қою — ел-жұрттан безінудің, асты төгу — ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.