Кей жерлерде "шілделік" деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің кұрметіне жасалатьш ойьн-сауық, той. Мұнда "балаңыздың бауы берік болсын" дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. "Шілдеханаға" шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана — өмірге адам келгенінің және оған куанудың бір белгісі.
Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады.
"Ұл туғанға күн туады", "Қыз туғанға ай туады" деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса- "атұстар", қыз туса — "көйлек тігер" деп хабарлайды. Осы сөздің өзінде қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі, мәдениеттілік қалпы тағы аңғарылып тұрған жоқ па!
Осы жерде жаңа туған сәбидің жолдасы туралы айтпай кетуге болмайды. Бұрын әжелер баланың жолдасын алып, жуып, орап оны аяқ баспайтын, ит-құс ала алмайтынға жерге қастерлеп көмген. "Жолдасты жуған адамға кәде беріледі. Егер "жолдасы" далаға тасталса, әйел ауруға ұшырайды деген сенім бар. Сол сияқты әйел ылғи қыз туа берсе, онда туып жатқан баланың "жолдасын" алып, босанған әйелдің басынан айналдыратын да ырым бар. Сонда келесі бала ұл болып туады деген сенім болған. Халықтың мұндай салты ырымдарының бәрін жоққа шығара беруге болмайды.