На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:15
3542- рет көрілді

Бата

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Ақтілеудің белгісі — бата. Ол кез кезген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жаксысын халық "ақ бата" деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.
1. Жас талапкерге бата.
"Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты". Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Кідркерей Сокыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:

Белбеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын.
Кабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан.

Мұндай баталар талапты, халық сүйген, ер азаматтарға ғана берілген. Торғай облысының Аманкелді ауданындағы "Қабырға" кеңшарында тұратын Айнагүл мен Сақгапберген Кенжеахметовтердің отбасында жас сәби туып, оған ырым қылып Сейіт деп менің атымды қойыпты. Сол бала 1994 жылы алғаш мектепке барғанда ата-аналары мені тойға ............
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:13
7676- рет көрілді

Теріс бата

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Бұл — бата деп аталғаны болмаса қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. "Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Бұл теріс батаның, қарғыс батаның белгісі" (М.Әуезов). Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкенің қолын теріс жайып берген қарғыс батасы.
Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол аталан балаға ұмытылмайтын таңба болып калған. Ағаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:12
4025- рет көрілді

Байлау

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін салттарының бірі — байлау. Соғып алған аңды кездескен кісіге сыйлау, олжаны, тауып алған дүниені (затты) жанындағы адамға ұсыну ежелден қалыптасқан ұлттық әдет. Бұл салтты бұзу адамгершілік әдебінен аттау ретінде жазаға тартылады, сөгіс жарияланады немесе ел алдында бетке басылады.
Дегенмен мұндай жағдайда адамның алғашқы олжасы болса, ол "байлануға" жатпайды, керісінше оған "құтты болсын" айтады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:11
8019- рет көрілді

Баутағар

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Жоғарыда айтылғандай өз олжасын байлаған адамға "баутағар" беріледі. Яғни олжаны алған адам сыйлаушыға алғыс айтумен бірге оған ақша немесе бір затын ұсынуы керек. "Баутағар" бермеген адамға екінші рет мұндай олжа ұсынылмайды. Сол сияқты қазақ тәжірибесі мен ұғымында "баутағар" бермеген кісінің малы шығынға ұшырайды деген ырым бар.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:10
2504- рет көрілді

Барымта

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Барымта
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:09
7699- рет көрілді

Бармағын жалау

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Құрметті адамды біреу қонаққа шақырғанда оның жанына 1-2 жігіт шақырылмаса да ере барып, үй йесіне "Біз пәленшекеңнін бармағын жалауға келдік" — дейді. Мұның қазақ ғұрпында еш ерсілігі жоқ керісінше шақырылған қонақтың құрметін көтере түсу болады. Мұндайда келген жігіттерге үй иесі де риза болып қалады. Кейде үй йесі өзінен кіші адамдарға "біздің үйге пәленше келеді, сендер соның бармағын жалаңдар" дейді. Бұл арнаулы шақыру болса да өзінен кішілермен сыйласудың, кұрметтеудің белгісі Ұлт дәстүрінде адаммен сыйласудың, қатынастың мұндай жолдары көп.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:06
4230- рет көрілді

Бал басы

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Бұрын ел ішінде болашақты, адам өмірін болжайтын көріпкелдер, әулие-әмбие, балшы, емші, құмалақшылар көп болған. Мұндай қасиетті адамдар қазір де бар. Әр адам оларға келіп бал аштырады. Олар жоғалған малды, затты алыстан келетін жолаушыларды, реніш қуаныштарды болжап айтатын болған және олардың көшпілігі шындыққа айналған. Бал аштырушы кітап ашып, құмалақ салушыларға өтініпшен келгендер көріпкелдерге еңбегі үшін төлем беруі қажет. Оны сыпайылап "бал басы" деп атайды. "Бал басының нақты бағасы, немесе өлшемі болмайды. Әркім қолда барын береді. Кедей, нашар адамдарға көріпкелдер "құдай үшін", яғни тегін бал аша берген. Бұл үшін олар батаға да риза болған. Кейбір әулие адамдар тіпті ештеңе де алмаған.
Егер бал ашушы белгілі мөлшерде ақша, мал сұраса, халық ондай кісілерге бармаған. құрмет көрсетпеген және сенбеген.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 20:59
6172- рет көрілді

Белкөтерер

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Тоқсан көремін деген жасым ба еді,
Быламық ішейін деген асым ба едің —
деп, баяғы қариялар айтқандай жасы жеткен адамдар тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. Ал, әлгі кісілерге жақсы тағамдар қажет. Мұндай жағдайда осындай адамдарға арнап "белкөтерер" деген тағам дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді. нәрі мол қазы, сарымай, жент, қымыз, ақ ірімшік, бал тағы сол сияқты тамақтардан әзірленеді. Мұны балалары, көрші-көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарттар батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдарды сыйлаудың, бағып-қағудың үлкен үлгісін көреміз. "Белкөтерер" аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты "Наурыз", "Айт" күндері де үлкендерге әдейі тартылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 20:56
6516- рет көрілді

Бес жаксы

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Аты айтып тұрғандай бұл бұрынғы ізгі жақсылар, би, бай, мырза, батыр, ел ағалары арасында жүретін жолы да, орны да ерекше қасиетті бағалы дәстүр деп саналады. Елдің аса құрметті, беделді адамдары арасындағы достық, сыйластық қарым-қатынастарда сый-сияпат немесе құдалар арасындағы қалың мал, киіт орнына да жүрген.
Халық арасында жоғары құрмет пен марапат, сый-сияпаттың ең жоғары түрі де осы — "бес жақсы" дәстүрі арқылы көрсетілген.
"Бес жақсыға" мыналар жатады:
1. Қара нар.
2. Жүйрік ат.
3. Қалын кілем.
4. Алмас қылыш.
5. Бұлғын ішік.
Құдалар арасында мұның бірі ұзатылған қыздың сәукеле бастаған асыл тағымдарымен алмастырылады. Бұл дәстүр елдің, ердің мырзалық, мәрттік, тектілік, сыйластық қасиеттерін көрсететін әрі оның салтанатын, ар-абыройын арттыратын ұлы көрініс. "Бес жақсының" бір түрінің өзі 4-5 жылқыға бағаланған.
"Бес жақсы" түріне, дәрежесіне қарай бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы болып үшке бөлінеді. Мұның бәрі бағалы кәде қатарына жатады. Кей жерлерде "алты жақсы" деген де бар. Бұл дәстүрде "бес жақсыға" тағы бір жақсы қосылады. Мысалы алтын, күміс жамбы, күмістеген ертоқым немесе кісе белбеу т.б. "Ошақты Құлназарға қүн бермексің, Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің" (Бөрібай акын).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 20:55
4511- рет көрілді

Бетке түкіру

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Ұрмай-соқпай, балағаттамай қорлаудың, есе алудың немесе масқаралаудың бір жолы. Кейде әлі келмеген, орынсыз жәбірленген, амалы құрып есесі кетіп, зығырданы қайнаған адамдар да өздерін зәбірлеген адамның бетіне түкіріп жібереді. Әрине, мұның арты ауыр зардаптарға (Ұрыс-керіске, сотқа жүгіну) соқтыруы мүмкін. Өйткені, ол адамды қорлаудың өте сорақы түрі екені көпке мәлім.