На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:15
3424- рет көрілді

Бата

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Ақтілеудің белгісі — бата. Ол кез кезген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жаксысын халық "ақ бата" деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.
1. Жас талапкерге бата.
"Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты". Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Кідркерей Сокыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:

Белбеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын.
Кабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан.

Мұндай баталар талапты, халық сүйген, ер азаматтарға ғана берілген. Торғай облысының Аманкелді ауданындағы "Қабырға" кеңшарында тұратын Айнагүл мен Сақгапберген Кенжеахметовтердің отбасында жас сәби туып, оған ырым қылып Сейіт деп менің атымды қойыпты. Сол бала 1994 жылы алғаш мектепке барғанда ата-аналары мені тойға шақырыпты. Сонда жас Сейітке берген бата еді. Кәдеге жарар деп ұсынып отырмын.

Айналайын аттасым,
Талантың судай қаптасын,
Дініңе сенсең, Мұхамбет демесін,
Тіліңе сенсең, Жиренше шешен демесін,
Атағың Абайдай болсын,
Абыройың Абылайдай болсын.
Жүректі болсаң, Қабанбай жебесін,
Білекті болсаң, Бөгенбай жебесін.
Наурызбайдай батыр бол,
Бауыржандай батыл бол,
Әділдікте Наушаруан қол берсін,
Хакімдікте Лұхпан өзі дем берсін.
Жалғыз болсаң, Алланы есіңе ал,
Жарлы болсаң, Пайғамбарды есіңе ал.
Мәрт болсаң, Кене ханға сыйынып,
Жомарт болсаң, Абдрахманға сыйынып,
Калын елің халқыңды ұмытпа.
Аспанда Аиса,
Жерде Мәди,
Қырда Қыдыр,
Суда Сүлеймен қолдасын!
Еш жамандық болмасын.
Азамат бол, арлы бол,
Қастарыңның алды бол,
Біліміңмен әлді бол!
Дос-жараның сүйсінсін,
Дұшпаның іштей күйінсін,
Басыңа бақыт құйылсын!
Дуалы ауыздың батасына жолық! Әумин!

Ұсынған Жұматай Сабыржанұлы.
("Ана тілі" апталығынан).

2. Дастарқанға бата.

Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын
(Ақ бата)

Батаның екінші түрі дастарқанға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе, өткір тілді адамдар бата арасында сол үйдің сараңдығын да қосып айтып жіберетіндер болған.

3. Алғыс батасы.
Бақ берсін, бас берсін.
Өміріңе ұзақ жас берсін!
(Ақ бата)

Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. "Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер" деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыкқа, мейірімділікке баулиды. Ендеше, бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны құрметті, елге сыйлы адамдар береді.

4. Жаңа айдың батасы.
Ай көрдім аман көрдім,
Ақиреттік заман көрдім.
Жаңа айда — жарылқа,
Ескі айда — есірке (бата).

Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап, бет сипайды. Бұл — діншілдік немесе соқыр сенім емес, ол адамдардың табиғатқа, құбылысқа, ауа райына байланысты таным, түсінігі. Айдың тууына және жатысына қарап жұлдыздар ауа райын, болашақты болжап отырған.

5. Наурыз батасы.
Ұлыстың ұлы күнінде "наурыз көжеге" шақырғандарға, "Наурызнама" тойын өткізіп халықты риза қылған адамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайьш бата береді. Бұл бата жалпы көпшілікке де бағышталады. Талапкер жастар Наурыз күні дуалы ауыздың уыз батасын алуға тырысады. Наурыз батасының орны ерекше.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.