На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:18
  • 60
11883- рет көрілді

СҮТ ТАҒАМДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты


• Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
• Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады.
• Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.
• Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
• Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.
• Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады.
• Ақтың жуыңдысын адам жүретін жерге төгуге болмайды.
• Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:16
  • 60
16766- рет көрілді

ТАМАҚКА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты


• Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағын жеке-жеке жуады.
• Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдынан бастап қойылады.
• Тамақты асықпай ішеді. Тамақ ішер алдыңда «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп нанды сындырып, ауыз тигеннен кейін басқа тағамды жейді. Бұл сөз «Мейірімді Алланың атымен бастаймын» дегенді білдіреді.
• Тамақты оң қолдың үш саусағымен алады және әркім өз алдынан жейді.
• Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды. Тамақтың құты кетеді.
• Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын күйінде ішуге болмайды. Тамақты аз-аздан алып, асықпай шайнап жейді.
• «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б.
сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау - ашаршылықты шақыратын жаман ырым. «Ас-адамның арқауы» саналады. Асты жамандаған аштан өледі деп жориды.

• Тамақты шынтақтап жатып, түрегеп тұрып немесе тым еңкейіп отырып жеуге болмайды. Тамақты отырып жеген дұрыс.
• Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігінше аз сөйлеуі тиіс.
• Бейіт басында немесе жанында тамақ жеуге болмайды. Ал көшеде, базарда, көлікте мүмкіндігінше көпшіліктің назарын аудартпай тамақтанған дұрыс.
• Жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидектерді жеуге болмайды. Өйткені жуылмаған тамақтан адам ауруға ұшырайды.
• Тамақ жеп отырған адамды орнынан қозғаған әдепсіздік болып саналады.
• Қонақ адам тамақты тәбетіне орай, өз қалауынша жегені дұрыс. Оған тамақты зорлықпен алдыру әдепсіздік болып саналады.
• Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалар» деген сөз бекер айтылмаған.
• Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.
• Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.
• Дастарқан басында отырған қонақты санамайды. Қонақты санау жаман ырым саналады.
• Дастарқан аттаған әдепсіздік болып саналады.
• Әкесі тірі бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса, әкесі өліп қалады деген ырым бар.
• Тамаққа қарай түшкіру әдепсіздік болып саналады.
• Тамақ пісіргенде асқа шаш түсіп кетпес үшін шашты орамалмен байлап алу керек.
• Балаға ми жегізбейді. Ми жеген бала мидай былжыр, ынжық болады деп сана-лады.
• Жас балаға бұғана ұстатпайды. Бұғана ұстаса, бойы өспей қалады деп жорыған.
• Қызға кәрі жілік ұстатпайды. Кәрі жілік ұстаса, күйеуге шықпай, оң жақта көп отырып қалады.
• Ішіп отырған шайға сама (сәме) түссе, қонақ келеді.
• Шашалған адамға «май қап» дейді.
• Ет турағанда бір кесек ет қалып қалса, ет тураушыға өтірік айтатының бар екен дейді.
• Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамдар тұзсыз дәмі жоқ. «Астың иманы- тұз» деп қарайды.
• Асқа тойға арнайы әкелінген қымызы толы сабаны түгел сарқлайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт салуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын, саба кепсе, малдың желіңі семіп, сүті тартылады, құт-береке келеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп ырымдаған.
• Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанда құдай атады, қарғысқа ұшырайды.
• Тамақты тек қана оң қолмен жеу керек. Сол қолмен жеген ас сіңімді болмайды деп ұйғарылады.
• Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі, мұндай ас бұзылады,айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.
• Жауырынды мұжып болған соң, етек жағын жарып ,ашып тастайды,әйтпесе жол бітеді, жол азабы көбейеді, жол тұйыққа тіреледі.
• Қазақта «Ақты телміртпе» деген сөз бар. Алдыға қойылған айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп тостырмай, тез ішу керек. Ақ көп телмірсе, аққа адамда телміріп, зарығатын болады деп ырымдалады.
• Ас тамақтан, жел-құздан, иіс-қоқыстан ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір жері ауырып қалсада, сол жерде: «Кет, пәле кет, кет», «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып ұшықтайды, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.
• Торқалы тойдың, өлім қазаның ас-суы елге үлестіріледі. Бұл - береке сақталсын, дәм-тұз таусылмасын, қазан қаңсымасын дегені.
• Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады.
• Соғым сойған күні тоқпан жілік асылады. Үйдегілер иті тоя жейді. Бұл тоқшылық, молшылық болсын деген ниетті білдіреді.
• Қазақта үйге кірген адам еш болмаса нан ауыз тиюі керек
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:13
  • 0
7300- рет көрілді

ЫДЫСТАРҒА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты


• Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.
• Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
• Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді.
• Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
• Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
• Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады.
• Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.
• Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
• Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
• Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
• Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
• Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:09
  • 0
14224- рет көрілді

ПЫШАҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДА

Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты


• Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмай-
• ды.
• Біреуге пышақ ұсынса ұшын - өзіне, сабын кісіге қаратып береді.
• Ет кескенде қатар отырған екі кісінің біреуі ғана пышақ ұстайды.
• Біреудің пышағымен ет кескенде құры қайтармайды. Ұшына май немесе ет шаншып береді.
• Бір нәрседен шошынғанда пышақты жастықтың астына қойып ұйықтайды.
• Мал баққан адам құр қол жүрмейді, қынды пышақ алып жүреді.
• Пышақтың жүзін көкке қаратып қоймайды. Бұл үйдің малы не жаны пышаққа түссін деген жаман ырымды білдіреді.
• Жақын адамнан пышақ, ине алмайды. Аралары суып кетеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:03
  • 60
10671- рет көрілді

НАНҒА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты


• Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
• Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти» деген сөздер бекер айтылмаған.
• Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
• Нанды басып Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып нанды алуға болады.