На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:03
  • 60
10463- рет көрілді

НАНҒА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты


• Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
• Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти» деген сөздер бекер айтылмаған.
• Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
• Нанды басып Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып нанды алуға болады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:01
  • 60
21664- рет көрілді

КҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР

Категориясы: Ырымдар » Малға, аңшылыққа қатысты


• Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
• Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа-райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
• Көкектің даусы оң жағыңнан естілсе, бай боласың; сол жағыңнан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
• Үкі түнде ауыддың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.
• Егер тауық ұясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын-шашын болады; бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса, күн суытады.
• Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
• Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар - Алланың сүйіктісі.
• Тауықтың мезгілсіз шақырғаны - жаман ырым.

Мақала белгілері: ырымдар мен тыйымдар

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 19:59
  • 0
5034- рет көрілді

НЕШЕ МҮШЕГЕ ЕЛДІНІЗ?

Категориясы: Ырымдар » Жалпы ырымдар мен тыйымдар

• Қазақтың ерте заманнан бері уақыт есебін жүргізуге қалыптасқан жүйелерінін бірі – мүшел.
• Мүшел жүйе негізінен сандық рет алынбай, алты адал, алты ара, яғни алты үй, алты түз хайуандары атымен аталатын 12 жылдық күнтізбесі қабылданған.
• Мүшел жүйесі өткен мезгілін анықтауға, адам жасын есептеуге, т. б. пайдаланған.
• Адамнын жас есебін шығарғанда сәбидің ана құрсағыңда өткізген уақыт бір жылға баланып, оған мүшелдің 12 жылы жалғастырала қосылып, бірінші мүшел 13 жас деп есептеген.

Бірінші - сәби, балалық мүшел 13 жас.
Екінші - ер жету мүшелі - 15 жас.
Үшінші – жігіттік мүшел - 37 жас.
Төртінші – орта жас мүшел - 49 жас...................
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 19:54
  • 60
38839- рет көрілді

ҮЙ ТҰРМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Үй тұрмысыны қатысты

ТЫЙЫМДАР


• Киіз үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. Өйткені бұл -үйден өлік шығады деген ырым. Қазақтың киіз үйінде бір жағдайда ғана - үйде өлік болғанда от жағылмайды, отын сыртқа шығарылады.
• Түнде сандықты ашпайды, ашса, әулеттен біреу-міреу өледі деп жорамалдайды. Ал өте қажет болған жағдайда, «оған жылан кіріп кетті» деп ашады.
• Есіктің киізін үйдің үстіне қарай лақтырмайды, орап қояды. Әйтпеген жағдайда жау найзасымен ашып кіреді, яғни жауласқан адам үй қожасын жеңіп кетеді.
• Ауа райы жақсы болса, түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды. Бұл - жау шақыру деген жаман ырым.
• Жанып тұрған шырақты үрлемейді, өйткені бұлай сөндірсе, адам ұмытшақ болады.
• Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды. Бұл - жамаңдық, шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған.
• Есікті тебуге болмайды. Жау келгенде ғана есікті теуіп кіреді.
• Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл - жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау келе жатқанда ғана үй иелері үйді айналып жүрген.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 19:51
  • 0
3430- рет көрілді

ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Қоршаған ортаға қатысты

• Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші: «Бір дәнің мың дән берсін», - деп амандасады.
• Егер диқаннан біреу-міреу егістік үшін дән сұраса, ол сұраушыға мүмкіндігіне қарай береді.
• Диқан өз қырманының астығын алып, пайдалануға кірісерде «Диқан атаның» атына бағыштап, Құраннан аят оқиды. Содан соң алғашқы өлшем қайыр-садақаға, «аққұлаға» бөлінеді. Бұл күндіз емес, міндетті түрде кешкісін оттың жарығымен жасалады.
Артқа Алға