Ертеде бір қойшы бір атар қойын айдап келе жатса, қой тұяғына домалаған тас сайда тұрған түйеге тиіп, түйе арам қатады. Оның иесі малымды төлеп берсін деп шағым айтып, Албан – Қызыл бөрік Қунақ биге барады.
Қунақ би тұрып, түйенің иесіне:
- Тас бір отар қойдан құлады ма, әлде бір қойдан құлады ма? –дейді.
Түйе иесі:
- Бір отар ошарылып бір жерде тұр дейсің бе? Біреуінің тұяғынан шығар –дегенде, Қунақ би:
- Бір қойдың төрт аяғынан құлады ма екен, әлде бір аяғынан құлады ма екен?-дейді.
Түйе иесі:
- Төрт тұяғы бір жерде тұр дейсің бе, біреуінен құлаған шығар, - дейді.
Ол кезде бір түйе – жиырма бес қой, бес бесті атқа бағаланады екен. Есептей келгенде, қой тұяғы бір лаққа тең болып шығады. Сөйтіп өлген түйенің құны бір лақ болып шығыпты.