На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 10:12
  • 0
5405- рет көрілді

АШУШАҢДЫҚ, ҰСТАМДЫҚ, ШЫДАМДЫҚ

Категориясы: Мақалдар » Әдет, ас, ашушуандық, әкімгершілік

Ашынған тілді болады.
.................................................
Ашу арыңдайды, ақыл аяңдайды.
................................................
Қатты жауған күн
Тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі
Тез басылады.
...........................................
Ашу — пышақ, ақыл - таяқ.
..........................................
Көш жүре түзелер.
.........................................
Ағаш та ұстаған жерінен сынбайды.
.......................................
Орынсыз ашу — от шашу.
........................................
Аюды жеңген — жарты ер,
Ашуды жеңген — бүтін ер.
...........................................
Қанша берік дегенмен
«Тәуекел» де қажиды.......................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 09:54
  • 0
4886- рет көрілді

ҮНЕМШІЛДІК, ҮНЕМСІЗДІК

Категориясы: Мақалдар » Шеберлі, білім, үнемшілдік, жалқаулық

Тенге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
..........................................
Есепсіз дүние жоқ.
.....................................
Саумал ішсең қымыз жоқ,
Байтал мінсең құлын жоқ.
................................................
Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.
.............................................
Түстік өмірің болса, кештік мал жина
..................................................
Алтын тапсаң, санап ал.
..............................................
Ақша кетуге тырысады.
Есеп ұстауға тырысады.
...........................................
Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.
........................................
Қолда барда алтынның қадірі жоқ.
.........................................

Тамшыдан тама берсе дария болар.
..........................................
Судың да сұрауы бар.
.........................................
Есептемегенге бәрі түгел.
........................................
Сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.........................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер

Артқа Алға