Ашынған тілді болады.
.................................................
Ашу арыңдайды, ақыл аяңдайды.
................................................
Қатты жауған күн
Тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі
Тез басылады.
...........................................
Ашу — пышақ, ақыл - таяқ.
..........................................
Көш жүре түзелер.
.........................................
Ағаш та ұстаған жерінен сынбайды.
.......................................
Орынсыз ашу — от шашу.
........................................
Аюды жеңген — жарты ер,
Ашуды жеңген — бүтін ер.
...........................................
Қанша берік дегенмен
«Тәуекел» де қажиды.
...................................
Көзі қарайған там сүзер.
.........................................
Ас тасыса, қатығы төгілер,
Ашу тасыса, ақылы төгілер.
...........................................
Қой алты күн аштыққа шыдайды.
..........................................
Сабын кірді ашады.
Сабырсыз сырды ашады.
..............................................
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
..............................................
Бүргеге өкпелеп тоныңды отқа тастама.
..............................................
Қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды.
................................................
Ауырды нар көтереді,
Әзілді жар көтереді.
...........................................
Ашу — дұшпан, ақыл — дос.
.........................................
Жаманның ашуы басы жерге тигенше,
Жақсының ашуы шай орамал кепкенше.
...........................................
Асықпаған арбамен қоян алады.
.............................................
Ашу келсе — ақыл кетер.
Ашудан ақыл көп болса,
Ашу не етер?
............................................
Ашу үстінде ант жүрмейді.
...................................................