На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:50
  • 100
7253- рет көрілді

Сүт ақы

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері


Қыз ұзату тойы мерзімін қалыңдық құдаларымен келісе отырып белгілейді. Бұл тойға күйеу бас құда бастаған құдалар тобымен және өнерлі күйеу жолдастарымен келеді. Мұнда құдалық кәделері өте көп. Соның ішіндегі жолы бөлек, қымбат кәделердің үлкені "сүт ақы" деп аталады.
Бұл қыздың анасына тартылатын сыйлық. Бұған анасы бата береді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:49
  • 0
6784- рет көрілді

Жігіт түйе (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері


Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне "сүт ақы" сыйын ұсынса, атасына "жігіт түйе" деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе ("жігіт түйе" деген сөз осыдан шыққан), жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер-тұрман әкеледі. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:47
  • 0
5362- рет көрілді

Қапқа салар

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері


Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол-жоралғыларымен яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый-сияпатымен, той малымен келеді. Той басталды. Қыз өз үйінен аттанар алдында оның әкесі барлық құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес "қапқа салар" деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер-тоқым, жігіт жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой-беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:47
  • 0
4115- рет көрілді

Той малы (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Келін алауға келген қадірлі құдалар ел дәстүр-салты бойынша — сән-салтанатымен жөн-жосығымен келін түседі. Бұл жолдың кәле-жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі — осы топқа арнайы әкелген "той малы" деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да "той малының" мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:40
  • 0
4275- рет көрілді

Күйеу киімі (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Әкесі — күйеу, шешесі калыңдық болмаған ба?" деп бізді мінейді. Ки! — деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу киімінің бәрін кигізді" (М. Әуезов). Қалыңдығын алуға баратын жас күйеу міндетгі түрде "күйеу киімін" киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз-келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз-келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл-қалжыңға төзеді. Оның мінген атын "күйеу атымен күл тасы" дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты.

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:39
  • 100
6378- рет көрілді

Сәукеле кигізу

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Өмірде қазақ салт-дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле, әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезіңін естен кетпес ыстық сәті. Ол — бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын-сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді.
Сәукеле туралы бір-ер сөз. Сәукеле — келіншек............
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:38
  • 0
5357- рет көрілді

Қыз қашар (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері


Күйеудің "ұрын келу" десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі "қыз қашар" дейді. Бұл "ұрын тойы" өтетін күні болады. "Ұрын той" жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын "қол ұстатар", "шаш сипатар", "қыз құшақтар", "арқа жатар", "көрпе қимылдатар" тағы сол сиякты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін-бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі — орамалын және оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін кұдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса калың мал толық кайтарылады әрі айып төлейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:38
  • 0
5766- рет көрілді

Қынаменде (ұрын келу)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Кұда түсіп, уәде пісіп, калың мал төлеген соң күйеудің атастырған калыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында "қынаменде" кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. (КСЭ. 7 том). Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.
Күйеудің бұл жолы әр жерде әртүрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер "қалыңдық ойнау" дейді, кей жерде "ұрын келу" дейді. "Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман бөркін қырын келді" (Н.Ахметбеков).
Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше "көрінбеген" болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас-жораларымен келеді. Мұны "есік көру" көбінесе "ұрын келу" деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп танысын-білісіп, тілдесіп көңілін ............
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:37
  • 0
7246- рет көрілді

Өлі-тірі (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп "өлі-тірі" яғни кәделі мал-жылқы жіберіледі. "Өлі-тірі" деген — "өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат" деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызы жол-жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. "Өлі-тірі" өткен соң өлген күйеу жатпайды" деп бұдан кейін күйеу қалыңдығына "ұрын" баруына жол ашылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:29
  • 0
10650- рет көрілді

Құйрық-бауыр (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе" (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт-дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға "құйрық-бауыр" арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел "бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар" деп тілек білдіреді. Одан барлық кұдалар ауыз тиеді. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі — құжат болып бекітілген.
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет-ғұрыптар әдетте әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай-ақ осы "Құйрық-бауыр" салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әбілмәжінұлының құдалығында "Құйрық-бауыр" ұсынғанда Қанапия кызы Орынбасар құдағи осы қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті. Ол кұдаларға қарап, былай деп әндетті: