На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:38
5744- рет көрілді

Қынаменде (ұрын келу)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Кұда түсіп, уәде пісіп, калың мал төлеген соң күйеудің атастырған калыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында "қынаменде" кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. (КСЭ. 7 том). Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.
Күйеудің бұл жолы әр жерде әртүрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер "қалыңдық ойнау" дейді, кей жерде "ұрын келу" дейді. "Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман бөркін қырын келді" (Н.Ахметбеков).
Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше "көрінбеген" болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас-жораларымен келеді. Мұны "есік көру" көбінесе "ұрын келу" деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп танысын-білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.
Әрине «ұрын келудің» де кәде-жоралары аз емес. "Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық" деп "ентікпе" сұрап жеңгелері келеді, "балдыз көрімдік" деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты.
"Ұрын той" өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне кайтады.
Құда түскенмен, келісім жасалғанмен күйеудің қыз ауылына "ұрыннан" бұрын келуге хақы жоқ.. Егер келе қалса қыздың туыс-туғаңдары (аға-інілері) қазақ әдет-ғұрпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар. Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже-қағидалары тәрбиелік ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді.
Күйеу кәделері мен ырымдары тағы бар. Олар мынадай: ұрын келу, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт-түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгетай, шымылдық байлар, отаужабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар, үзік жабар, туырлық жабар, мойын тастау, ілу, қыз қашар, шашу, қыз көтерер, арқа жатар, қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, "кемпір өлді", бақан салар, күйеу аттандырар, т.б.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.