На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:23
4165- рет көрілді

Қыз көші (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңілілерімен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны "қыз көші" деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін "келіншек көші" дейді.
Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары "келіншек көшін" тоқтатып "түйемұрындық" алып, батасын беріп, "жол болсын" айтып шығарып салады.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.