На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 10:51
5294- рет көрілді

ДІН ТУРАЛЫ

Категориясы: Мақалдар » Сақтық, өмір, дің, қайырымдыдық

Құдай өзі бермейді,
Біреудікін біреуге ауыстырып береді.
...............................................
Күштіде тәңірі жоқ.
.......................................
Қарға көргенін шоқиды,
Молда білгенін оқиды.
..........................................
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.
...............................................
Аңқау елге — арамза молда.
.............................................
Қожаң берсе қойныңа тық.
...........................................
Ақ сәлделі қожадан,
Ақ жаулықты қатын артық.
...........................................
Молда «бер» деген сөзді білмейді,
«Ал» деген сөзді біледі.
.........................................
Молдаларға мал қайғы,
Момындарға жан кайғы.
...............................................
Надан молда намазқой.
.............................................
Аюға намаз үйреткен таяқ.
Молдаға намаз үйреткен тамақ.
..............................................
Жаны күйген тәңірісін қарғайды.
.................................................
Молданы намазда көр
Делдалды базарда көр.
...........................................

Сауатсыз молданың сәлдесі үлкен.
.............................................
Молданың сәлдесі ақ болғанмен, ниеті қара.
...............................................
Өлейін деп өліп бара жатқам жоқ,
Молдадан ұялғанымнан өліп бара жатырмын.
................................................
Тана пайда бермесе,
Тәңірі пайда бермейді.
...........................................
Алла бермегенді молда да бермейді.
.........................................
Молданың істегенін істеме, айтқанын істе.
..........................................
Май — әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие.
...........................................
Екі молда — бір кісі,
Бір молда — жарты кісі.
...........................................
Аллаға жағайын десең—азаның болсын,
Қазыға жағайын десең — қазаның болсын.
.................................................
Жарымды алған құдайдың келіні мендей жыласын.
...............................................
Ала шапанды молда да бір,
Ала қанатты сауысқан да бір,
Екеуі де арам ниет:
Жығылғанның қасында,
Өлгеннің басында.
..........................................
Қожа-молданы басындағысынан білерсің,
Бек пен төрені қасындағысынан білерсің.
................................................
Көп қайда болса, құдай сонда.
....................................................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.