На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 10:58
  • 100
5475- рет көрілді

САҚТЫҚ, ҰҚЫПТЫЛЫҚ, БЕЙҚАМДЫҚ

Категориясы: Мақалдар » Сақтық, өмір, дің, қайырымдыдық

Сақ жүрсең, сау жүресің.
....................................................
Құдайдан қорықпа, құдайдан қорықпағаннан қорық.
..................................................
Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан.
.................................................
Тыстағы мың жаудан,
Үйдегі бір жау жаман.
.................................................
Қайғысыз қара суға семіреді.
..................................................
Қайғысыз ішкен қара судың қаймағы бір елі.
................................................
Көрмеген жердің ой-шұңкыры көп.
...............................................
Көп ойласаң — дана боласың.
Көп ойнасаң — бала боласың.
..................................................
Көсеу ұзын болса, қол күймес
....................................................

Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
...................................................
Жауың тышқан болса, арыстан деп қара.
..................................................
Қамданған қапы қалмайды................................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 10:56
  • 0
4224- рет көрілді

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, ҚАЙЫРЫМСЫЗДЫҚ

Категориясы: Мақалдар » Сақтық, өмір, дің, қайырымдыдық

Жақсыға қылған жақсылық
Өміріңде тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық,
Бір күнгідей болмайды.
..........................................
Құдықтан су ішкен,
Қазғанға рахмет айтады,
Ағашты көлеңкелеген,
Еккенге рахмет айтады.
..............................................
Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.
.............................................
Жауызға айтқан жылы сөз —
Суға жазған сертпен тең.
..........................................
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
...........................................
Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.
..............................................
Қадіріңді білмеске
Қадамыңды көтерме.
.....................................
Су ішкен құдығыңа түкірме.
....................................
Ит атасын танымас.
...................................
Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.
.....................................
Итті күшігім десен, аузыңды жалайды...........................
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 10:53
  • 0
13257- рет көрілді

ӨМІР МЕН ӨЛІМ, ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АУРУ ТУРАЛЫ

Категориясы: Мақалдар » Сақтық, өмір, дің, қайырымдыдық

Денсаулық — зор байлық.
..................................................
Жарлының байлығы — денінің саулығы.
.............................................
Ауру атаңды да шөктірер.
................................................
Ауру кірді — әлек кірді.
..............................................
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
...........................................
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
............................................
Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
...............................................
Ауруын жасырған өледі.
..........................................
Батыр бір оқтық,
Бай бір жұттық.
.....................................
Ағын судың арамдығы жоқ.
..............................................
Бас ауырса жан қорқады.
..............................................
ҚАЙ жерің ауырса,
Жаның сол жерінде.
..........................................
Жұғын бар жерде— шыбын бар,
Шыбын бар жерде — шығын бар.
..................................................
Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
..............................................
Жан аурса – тән аурады,
Қайғы болса – жан азады.
.....................................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 10:51
  • 0
5293- рет көрілді

ДІН ТУРАЛЫ

Категориясы: Мақалдар » Сақтық, өмір, дің, қайырымдыдық

Құдай өзі бермейді,
Біреудікін біреуге ауыстырып береді.
...............................................
Күштіде тәңірі жоқ.
.......................................
Қарға көргенін шоқиды,
Молда білгенін оқиды.
..........................................
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.
...............................................
Аңқау елге — арамза молда.
.............................................
Қожаң берсе қойныңа тық.
...........................................
Ақ сәлделі қожадан,
Ақ жаулықты қатын артық.
...........................................
Молда «бер» деген сөзді білмейді,
«Ал» деген сөзді біледі.
.........................................
Молдаларға мал қайғы,
Момындарға жан кайғы.
...............................................
Надан молда намазқой.
.............................................
Аюға намаз үйреткен таяқ.
Молдаға намаз үйреткен тамақ.
..............................................
Жаны күйген тәңірісін қарғайды.......................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер