» » » МАЛТАҚАННЫҢ АЙТҚАНДАРЫ
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:46
3117- рет көрілді

МАЛТАҚАННЫҢ АЙТҚАНДАРЫ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Белгілі ақын Тайырдың атасы – Жароқтың әкесі Малтақан сөзге шешендігімен, табанда тауып айтқыштығымен бүткіл Бөкей атырабына әйгілі би атаныпты. Ол оң жеті жасында Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Өзі сіңірі шыққан кедей болыпты. Оның Жароқ (Тайыр ақынның әкесі), Сәпек, Қалым, Абош деген балалары жастайыныан жалшылықта жүрген.
Малтақанның бірсыпыра билік сөздері ел ауызында сақталған.
Малтақанды сөзбен жеңе алмаған болыс пен байлар кедейлігін бетіне басып, ел алдында мұқатқылыра келеді. Бір күні олар былай деп кеңеседі:
- Осы Малтақан жұрттың төрінде отырып сөйлегенде, ешкімге дес бермейді. Қоңыр тоқтының басы қолынан түспейді. Біз үйіліп-төгіліп өзінің үйне баралық, сіңірі шыққан кедей бізді несімен сыйлар екен, сыныап көрелік, - деседі.
Сол айтқандарын істеп, бір күні болыс бастаған топ Малтақанның қараша үйіне сау етіп келе қалады. Олардың ішінде қонақты ылғи қатқан қалашпен сыйлайтындықтан, «сараң би» атанған Түсеке де, Малтақан баласының еңбегіне алатың тоқтысын екі жылдан бері бермей жүрген Жүнісәлі бай да болады. Малтақан оларды көңілді қарсы алып, жалғыз биесінің құлынын сойып, қонақ етеді. Жас құлынның балбырап піскен уыз еті алдарына келгенде, Жүнісәлі тұрып:
- Малтақанның байлығы болмағанмен пандығы бар-ау, қонағын құлын етімен сыйлаудын қарандаршы, - деп мысқылдай сөйлепті. Сонда Малтақан тұрып:

- Сәлем бере келген соң,
Елдің ылғи еркесі менсеркесі,
Ақ ниетімді көрсетіп,
Алдарына тартқаным –
Жалғыз құлынның шекесі.
Бұл құлынды соярда
Бір жерден кемпір күңкілдеді:
«Қақпыштан құр емес, -деп,- сандығым»,
Бір жерден бала діңкілдеді:
«Байдан әкеліп соям», -деп,
Жаға алатын жандығым.
Екеуін де дегеніме көндіріп,
Құрмет үшін құлынның
Құрбан еттім малдығын.
Сыйламауым тұзға кепкен қақпышпен
Болса болар, бәлкім, менің пандығым, -
депті.
Сөздің төркінің түсінген Жүнісәлі мен Түсеке ұялғанынан жерге кіргендей болыпты.
...................................................................................................................................................
Малтақан Бекболаттын Мұқашы деген байдың үйінде отырғанды, сол байдың соғымға жіберген бір түйесі үйленіп өліпті деген хабар келіпті. Оған Мұқаш қатты ренжіп, мал басындағы бақташы малайларын түн бойы сырттай балағаттап бітеді. Ертнңмен шай үстінде отырғанда да оның қабағы ашылмайды. Сонда Малтақан оған былай дейді:
Немене, мырза,
Қабағың ашылмайды ғой түннін,
Өліпті деп естігелі семіз інген.
Ғұмыр ма ол, ойланшы өзің,
Азалап мал қазасын сүйтіп сүрген.
Бірі өлсе, мыңы бар,
Сенікі ғой анау өрісте қаптап жүрген.
Бағатын да, өсіретін де жалшы,
Қайсысына, сірә, сенің терің сіңген.
Қой, Мұқаш,
Тағдырдан ажал тура келсе,
Кетерсің түйен түгіл өзін мүрдем, -
депті. Әншейінде азулы байдың Малтақанға қарсы үні шықпай қалыпты.
.............................................................................................................................................................
Малтақан бидің жасы тоқсанға келгенде, кәрілік пен қоса жарлылық басынып, ел жаз шыға жайлауға көшкенде, ол қысқа мекенінде көше алмай қалып қойыпты. Ауылдың жайлаудағы қариялары оның жай-күнін біле келгенде, Малтақан оларға былай депті:
-бір кездерде бұл Малтақан,
Ел сыйлайтын аға болды.
Дұрыстыққа кір жуытпай,
Билік айтар дана болды,
Жас тоқсанға толғаннан соң,
Таза бойым аза боды.
Сыртқа шықсам сырласарым
Құлазыған мола болды.
Үйге кірсем құрдастарым-
Мысық пенен бала болды.
Ел көшкенде жұртта қалып,
Есіл көнілім нала болды.
Жалғыз сиырды қасқыр жарып,
Малтақан малдан ада болды,-
депті. Келгендер оны жайлауға көшіріп алып, астына ат мінгізіп, алдына мал салып беріпті деседі.
............................................................................................................................................................
Малтақанның Қалым дейтін баласы біреуге өткен еңбегі үшін бір қой алып, үйге жіберсе, ол келгенше Малтақан шал Қалымның кісіге жүріп, еңбегіне алған жалғыз қойын сойып жеп қойса керек.
Сонда Қалым әкесіне қартайған адамнан қанағат кете ме екен деп реніш білдіреді де:
Көрініп анау тұрған Өмірбегің,
Қыстауын жайлауын мен Темірбегің,
Апырай, жалғыз қойды жеп қойыпсың,
Менен де жақын екен кеңрдегі,, -
дегенде Малтақан шал:
бәсе, көрініп анау тұрған Темірбегім,
қыстауым жайлауым мен Темірбегім.
Кәрілік пен жарлылық қатар басса,
Балаңнаң да жақын болар кеңірдегің.
Қалам-ау, әкен шал да, шешең кемпір,
Әкеңде жыртылып жүр кебіс белтір.
Екеуін асырауды қиынсынсаң,
Бізде үн жоқ, бір шыбықпен ұр да өлтір! –
деп жеңіп кеткен екен. Бұдан кейін Қалым әкесінің бетіне келмепті.
......................................................................................................................................................
Сәпектің жасы отыз беске келгенше үйленбей, ел кезіп, серілік құрып кеткенін жақтырмаған Малтақан бір күні баласына былай депті.
Келгенше дәл отыз бес жасқа, балам,
Қоймадың ел кезуді, қасқа балам.
Апталап үйін көрмей тентіреуді
Жазған ба мандайына хақ тағалам?
Сонда Сәпек әкесіне былай деп наз айтқан екен:
Ел кездім қалмаған соң басқа шыдам,
Күйеу дер Сәпегіңді бар ма құдаң?
Тіпті үйден, әкетайым, шықпас едім,
Сылаңдап тұрса, шіркін, бір ақ қылаң.
Бұдан кейін Малтақан көп кешікпей біреуге құда түсіп, Сәпекті үйлендірген екен.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.