Бас парақ > XVIII ғасыр > ЕСБОЛДЫҢ БАТАСЫ
ЕСБОЛДЫҢ БАТАСЫ25-10-2014, 15:08. Орнатқан: arystan |
Есбол би қасына жиырма шақты кісіні ертіп, жолаушылап келе жатып, бір байдың үйіне қоналқаға келіп түседі. Байдың үйі бір арықтау тоқты әкеліп, бата тілейді. Сонда Есбол би былай дейді: Япырмай, мына тоқтының енесі иімеген екен. Әлде көп қойдан қақтығып ауызына шөп тимеген екен. Болмаса малшы жөндеп бақпаған ба? Енесі тоқты болып, Тоқтыға тоқты сүті жақпаған ба? Ала жаздай қатындар көгенге байлап, Әлде енесін жебей сауып қақтаған ба? Ұлан жаздай қонаққа бұны соймай, Әдейі Есбол биге сақтаған ба? Тоқтыны ұстап тұрған байдың баласы тоқтыны шығарып жіберіп, бір ту қой әкеліп сояды. Есболдың жолдастары: - Би, өнеріңізді білейік, осы қойдың терісін де қалдырмаңызшы, - дейді. Ет жеп болып бата тілегенде, би мынадай бата береді: Кеңейте гөр өрісін, Ұзарта кет желісін, Тоңымның бір бойы жетпей жүр еді, Бергізе гөр терісін! Сонда бай: - Не сұраса да құтыл пәледен,- деген екен. Кері қайту |