» » » САҚТАНДЫРУ БАТАЛАРЫ
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 5-08-2012, 18:36
7891- рет көрілді

САҚТАНДЫРУ БАТАЛАРЫ

Категориясы: Баталар » Алғыс, сақтандыру

Бір Құдайым, жарылқа,
Жарылқанғанның ішінде ет.
Бас-аяғын тұгел ет,
Сақтағайсың сәлемет!
Құлың саған аманат.
Баһауитден әулие,
Қағыс тұр, келес бәлекет.
Қағыс тұр, қайыр жараңдар,
Сендерде бар керемет.
Айналайын, құдірет,
Не тілесем қабыл ет!
.......................................
Жаратқан Тәңірім, құлыңды
Иесі өзің бек сақта!
Берекесіз қауымнан сақта,
Неген болған дауыңнан сақта.
Қатты соққан дауылдан сақта,
Қайта шапқан жауыңнан сақта!
Ардан кешкен ақылдан сақта,
Оң-терісті болжатпас,
Шылаулы ердің қарқынынан сақта.
Сыңар езу көсемнен сақта,
Сыған ойлы шешеннен сақта!
Бәлекет шашқан бұзықтан сақта,
Ақ жорға басқан қызықтан сақта!
Бір-бірінен бойы аспақ,
Зор көкірек әндемнен сақта!
Піспексіз толған торсықтан сақта,
Жіпке толған ұршықтан сақта!
Шығыны жоқ еңбек жоқ,
Кескексіз сорған борсықтан сақта!
Мұйізге сиған шыбыннан сақта,
Киізге жиған шығыннан сақта.
Борансыз ашық ығыңнан сақта,
Нақаққа берген тығыннан сақта.
Жау жоқта қорқып-бұғудан сақта,
Жазықсыз қысқан сығымнан сақта!
Есектің төресінен сақта,
Кезептің үлесінен сақта.
Алты алаштың аласынан сақта,
Жақыннан шыққан «дос» жаудың,
Табайдап ұрған табасынан сақта!
«Сабырдың тұбі сары алтын»,
Шыдаған жетер бір баққа.
Жерден төмен нәрсе жоқ,
Басқалар биік әр тақта.
Тірлік арты бір өлім,
Бақилық кімде қалмақта.
........................................
«Жарым ырыс - жақсы сөз»,
Майда сөз жұмсақ бір мақта.
Жаратқан жалпы құлыңды,
Ақырын өзің, Тәңірі, ақта!
......................................
Жаңбырсыз жаздан сақта,
Жапа шеккен аздан сақта.
Қасиетсіз кектен сақта,
Кегін қуған көптен сақта.
Бұлттың аласынан сақта,
Жаудың жаласынан сақта.
Елдің бәлесінен сақта.
Дос болып, қас болғаннан сақта,
Кұле кіріп, күңіренгеннен сақта.
Береке дуа асыңнан кетпесін,
Бақыт-дәулет басыңнан кетпесін,
Қыдыр қасыңнан кетпесін.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын!
...........................................
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақтың отынан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта,
Парақор соттан сақта.
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта.
Қара жүрек батылдан сақта,
Көк долылықтан сақта.
Адамды қадірлемес есерден сақта,
Нанды басқан кесірден сақта.
Кеудесін керген келіннен сақта,
Татымсыз тұзынан сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Жалқау бала тексізден сақта.
...................................................
Өмір берсең, жайлы ғып бергін,
Дәулет берсең, сыйлы ғып бергін.
Еңбегіміз өністі болсын,
Қамбамыз астыққа толсын.
Көсегеміз көгере ТҮССІН,
Мыңғырған мал өріске толсын.
Әйел берсең әдепті,
Жанға жайлы ғып бергін.
Келін берсең, келісті ғып бер,
Ағаш берсең, жемісті ғып бер.
Тұлпар берсең, желісті ғып бер.
Жомарт болсаң,
Осы айтқандарымның барлығын
Үйіп-төгіп түгел бер!
.............................................

Тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет.
Тозақтың отынан сақта,
Ұлықтың сотынан сақта.
Нақақ даудан сақта,
Жасырын жаудан сақта.
Киелі көзден сақта,
Ғайбат сөзден сақта.
Мезгілсіз өлімнен сақта,
Кеудемсоқ келіннен сақта.
Татымсыз тұздан сақта,
Арсыз қыздан сақта.
Қайырымсыз зордан сақта,
Жаңбырсыз жаздан сақта.
Ғұмыр берсең, жайлы бер,
Дәулет берсең, қайырлы бер.
Әйелді СҮЙІКТІ ғып бер,
Ұл берсең, ұлықты ғып бер,
Қыз берсең, қылықты ғып бер.
Келіннің келістісін бер,
Ат берсең, желістісін бер.
Тірімізге талап бер,
Өлімізге жұмақ бер.
Осы тілегімді бөлмей-жармай
Үйіп-төгіп бір-ақ бер!
..........................................

Қаза-жазадан сабыр ет,
Оттан сақта,
Соттан сақта.
Жат қылықтан сақта,
Залым ұлықтан сақта,
Текке КҮЙІП кеткен нақақ пәледен сақта.
Жаңбырсыз желден сақта,
Пәтуасыз елден сақта.
Айтса жөнге көнбейтін,
Сөйлесе жағы сембейтін,
Көкдолы келіннен сақта.
Ұл берсең, ұлықты ғып бер,
Қыз берсең қызықты ғып бер.
Келін берсең қызыл ЖҮЗДІ, есті ғып бер,
Балаларды бақытты ғып бер.
.........................................

Абырой бер, аман сақта,
Оттан, судан сақта.
Тілсіз жаудан сақта,
Күле кіріп,
Күңірене шыққан дұшпаннан сақта.
Жаман жүрісті әйелден сақта,
Нақақтан салған пәледен сақта,
Дос болып, қас болғаннан сақта.
Өсек-етірік, пәледен сақта,
Арамнан жиналған кәдеден сақта.
Желіккен жеңгеден сақта,
Пәле әкелер теңгеден сақта.
Қыдыр қолдасын
Басыңа бақыт орнасын.
...........................................

Қаба жауған қарыңнан сақта,
Қапталдай шапқан жауыңнан сақта.
Аузы қанды бөріңнен сақта,
ТҮСІ суық көріңнен сақта,
Ақ найзаның ұшынан сақта,
Сом білектің күшінен сақта.
..........................................


Я, Құдайым, залымнан сақта,
Азғырылған алымнан сақта.
Уақытсыз кеткен жалыннан сақта,
Орала жауған жауыннан сақта.
Жабулы жатқан тереңнен сақта,
Қазулы жатқан орыңнан сақта.
Айтқан сөзді тыңдамайтын,
Тым сауатсыз су мидан сақта.
Тілегің қабыл болсын,
Әрбір нәрсең әзір болсын.
Кеткеніңді келтіріп,
Кемтігіңді толтырып,
Бақ-дәулетті нәсіп етсін.
..............................................

Я, Тәңірім, сақта,
Бақыт бер басқа.
Таупық бер жасқа,
Бармын деп таспа.
Жоқпын деп саспа,
Береке бер,
Ішіп-жейтін асқа.
..........................................

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Жарылқайын деп келеді,
Кішкене ғана сабыр ет!
Бақ бер, пәледен сақта,
Қауыптен, қатерден сақта.
Әумин десең бізге,
Бата берелік сізге.
Әуелі Құдай, жаздай бер
Жаздай берсең, жазбай бер.
Әуелі Құдай, қүздей бер,
Күздей берсең, үзбей бер.
Өуелі Құдай, қыстай бер,
Қыстай берсең, қыспай бер.
Көктемдей бер,
Көктемдегі көгеріп өскендей бер.
Бұл үйге қастық қылған адамды,
Көтеріп тұрған жер ұрсын.
Аспандағы көк ұрсын!
Менің берген батам емес,
Бұрынғы пайғамбардың берген батасы,
Оның болмас қатасы.
......................................
Әуелі Құдай, пәледөн сақта,
Жаладан сақта,
Қауіптен сақта,
Қатерден сақта.
Шайтанның шөрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта!
Е, Құдайым, құмырсқа-құрттан сақта,
Су мен оттан сақта,
Қоян жылғы жұттан сақта!
Е, Құдайым, ТҮНДӨ жүрген ұрыдан сақта,
Жапандағы бөріден сақта.
Е, Құдайым, жаз жайлауын жаусыз ет,
Қыс қыстауын қарсыз ет,
Ұл-қызын мұңсыз ет.
Е, Құдайым, шыққанның есесін бер,
Кіргеннің берекесін бер!
..................................................

Мырза болса әйелің,
Қоңсы қонар қасыңа,
Берекет берсін мал мен басыңа.
Қырғауылдай қорғалап,
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Жаман болса әйелің,
Қоңсы кетер қасыңнан,
Билік кетер басыңнан,
Берекет кетер асыңнан.
Жаман әйел айырады,
Ер жігітті досынан.
Менің берген патихам:
Жаман әйел алмаңыз
Өтінемін, асылан!
Біздің берген батамыз,
Қабыл қылғай еді Нұқ пайғамбар атамыз!
Жаттың жаласынан сақта,
Жақынның табасынан сақта.
Керауыз әйелдің өсегінен сақта,
Кенеттен келген кеселіңнен сақта.
Қарадан қарғыс алма.
Қарақшыдан алғыс алма.
Бауырың бүтін болсын,
Сарқылмас құтың болсын.
Сұйеушің Рұстем болсын,
Мерейің үстем болсын!
Өсіп-өніп толыңыз,
Өкінбестей болыңыз!
....................................
Күле кіріп,
Күңірене шыққаннан сақта.
Түнде жүріп,
КҮН шыға қашқаннан сақта.
Е, Құдайым, өзімді малды қыл,
Дұшпанымды жарлы қыл.
Е, Құдайым, жыртықтан сақта,
Қортықтан сақты.
Мал бер, бас бер,
Өмірі ұзақ жас бер.
Бір жаратқан, Құдайым,
Дұшпаныма қылма мерт!
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.