На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 14:38
5933- рет көрілді

АР, НАМЫС, ҰЯТ

Категориясы: Мақалдар » Ар, жастық, қорқақтық, тағдыр, асығу

Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
.....................................................
Ер жігітке олімнен ұят күшті.
..................................................
Жігіттің қүны жүз жылқы, ары мың жылқа.
...........................................................
Ақылың болса арыңды сақта:
Ар-үят керек әр уақытта.
...................................................
Ел намысы — ер намысы.
................................................
Ер жігіт елінің ұлы,
Намысының құлы.
...........................................
Өлімнен ұят күшті.
.................................................
Мал сақтама, ар сақта.
..............................................
Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
..............................................

Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.
..................................................
Ашу — ақылдың дұшпаны,
Нәпсі — иманның дұшпаны.
.........................................................
Атты қамшы айдайды,
Ерді намыс айдайды.
.................................................
Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттің үяты кетеді.
.............................................
Ат аяган жерге қарар,
Құс аяған көкке қарар
..................................................
Беттің арын белбеуге түйіп алып.
.................................................
Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дейді.
......................................................................
Тәнім — жаным садағасы,
Жаным — арым садағасы.
...............................................................
Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жаксы жігіттің арын сақта.
......................................................
Кайталаған дерт жаман,
Қайта бұзған серт жаман.
..................................................
Арақпен достастым дегенше,
адамгершілікпен коштастым де,
.......................................................
Жарлы болсаң да арлы бол.
..............................................................
Еңбек өмірді ұзартады,
Ұят бетті қызартады.
..........................................................
Өз бетін алмаған кісінің бетін шиедей қылады.
........................................................................
Ер мойнында қыл арқан шірімес.
................................................................
Жігітке жар қымбат,
Намыс пен ар қымбат.
................................................................

Бар барын жейді, Ұятсыз арын жейді.
................................................................
Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа.
...................................................................
Бетің қисық болса, Айнаға өкпелеме.
Ниетің қисық болса, Ағайынға өкпелеме.
..............................................................
Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер.
...............................................................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.