На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:03
  • 0
5329- рет көрілді

Құттық (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Келін түсірген үй құда-құдағиларын аттандырған соң ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп "құтты болсын" айтып арнайы дәм әкеліп, сый жасайды. Сосын қыздарға лайық тағым, кесе-аяқ, көрпе-жастық, сақина, сырға сияқты әшекейлі заттар сұрайды. Бұл дәстүр ел ішінде "құттық" деп аталады. Ол "құтты болсын", "құт әкелсін" деген ізгі ойдан туған қазақи ырым, жоралғы.
"Құттық" алатындар әдейі алыстан да келеді. Оларға мал, бағалы бұйымдар мен киімдер беріледі. Әрине, бұл дәулетті мырза адамдардың ғана қолынан келетін іс. Сонымен бірге бұл қазақтың салт-дәстүрге бай жомарттық, мырзалық қасиеттерінің тағы бір айқын дәлелі екенін көрсетеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:03
  • 0
5560- рет көрілді

Атбайлар (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Мұның да екі түрі бар.
Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын-туыстар оған шашу шашып, "керегесі кең болсын", "босағасы берік болсын" деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты "атбайлар".
"Атбайлардың" екінші түрі — кәде. Құда-кұдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл "атбайлар" деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:02
  • 0
4643- рет көрілді

Шаңырақ көтеру (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт-дәстүрін жетік білетін белгілі этнограф-жазушы Ахмет Жүнісүлы былай деп жазған: "...қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді. (А. Жүнісов "Фәниден бақиға дейін"). Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен мән, ырым бар. Өйткені "жасы үлкен күйеу" қашанда елге сыйлы және тілектес адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы жолдан айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкен-кішісі, еркек-әйелі онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде де осындай терең сыйластық бар.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:01
  • 0
4383- рет көрілді

Отау көтеру (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Көтерілген отауың кұтты болып, ұзақ жасап ішінде сүйсін жарың" (Қыз Жібек)., оған мол тағам жасалады. Кіргендер шашу шашып, "құтты болсын", "іші жанға, сырты малға толсын" деген тілекпен куанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көрімдік Ұлтымыздың мәдениетіңде "отау көтердің" деген сөз бар. Ол "үйлендің, жұпты болдың" деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосыла берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан оны барынша әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу аз шаруа емес. Оған көрші-көлем, жақын-туыс,.............
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:00
  • 0
5229- рет көрілді

Жолдық (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"—Қайным, жолдығымды ұмытпа, толымды болсын, — деді жеңгесі Қаным күле сөйлеп" (Ел аузынан).

Алғашқы неке түні жігіт пен жас келінді жеке бөлмеге кіргізіп өздеріне төсек салып, алаңсыз, жайлы жатуына жағдай жасайтын әйел әдетте жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға бақыт тілеумен бірге, әзіл-қалжыңын араластыра жүріп, алғашқы төсек ләззәтінің жөн-жосығын, әдет-ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің пәктігіне де осы жеңге куәлік береді. Мұңдай сәт әдепті, үлгілі, үлкен-кіші бірдей сыйлайтын, бала-шағалы келіндерге ғана тапсырылады. Бұл — күн жұптық, некелік өмірдің ұмытылмас сәттерінің бірі. Соңдықтан бұл түнді көңілді әрі жайлы өткізудің орны мүлде бөлек. Бұл үшін барлық өнері мен қабілетін жұмсайтын жақсы жеңге келер таңды асыға күтіп, қайнысының жылы төсектен тұрған сәтін күтіп тұрып, "ерініңді жібіттім, ҚОЙЬІНЫҢДЬІ жылыттым, енді жолдығымды бер" — деп назданады. Жөн білетін қайнысы жеңгесі риза болатындай "жолдығын" беріп, ерлі-зайыптының алғашкы таңын күліп қарсы алады.
"Жолдықтың" жолы бөлек. Сондықтан оған аталатын кәде де толымды әрі бағалы болады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:00
  • 0
4656- рет көрілді

Күйеуаяқ (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Жігіт калыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін өз үйіне апарып салады. Ата-енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны "күйеуаяқ" дейді.

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:59
  • 0
4583- рет көрілді

Бие қысырамас (ырым)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кейін енесі келіп, келіннің бетінен тағы сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған әйелдердің ортасына "биелерің қысыр қалмасын" деп ақ мата тастайды. Бұл "бие қысырамас" деген кәде. Әйелдер бұл матаны жыртып, бөліп алып үйлеріндегі сабаның аузына "бием қысыр қалмасын, біссімілда" деп байлайды. Бұл кәде бәріне де жетуі керек. Жетпей қалғандардың өкпелеуге хақы жоқ. Соңғы жылдары халқымыздың мал шаруашылығынан қол үзе бастауына сәйкес бұл ырым ұмытылып бара жатыр.
Мұндай жақсы салттардың ұмытылуы әрине, жақсылық емес.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:58
  • 0
13633- рет көрілді

Беташар (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

— «Уа, әлеумет! Енді беташар тыңдайык!» (Той кітабынан). Жаңа түскен келінді "беташар" дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі "беташар" жасалады. Оған тойға жиналған туыс-туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда "Беташар" жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар "көрімдік" береді. Бет ашатын жігіт ән-жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.

Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Анау-мынау демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз, — деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл-калжыңдарын араластыра "көрімдік" сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарқ қылады. "Беташар" тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алған білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі. Осы заманғы үлгісі деп Қазақстан Республикасының халық ақыны Қонысбай Әбілевтің Торғай жерінде Жасұлан мен Ұлбосынның үйлену тойындағы беташарын беріп......
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:57
  • 0
5271- рет көрілді

Келін түсіру (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Біздің халқымыз үшін де дүниедегі қызық пен куаныштың ең бастысы — осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта "тойдың болғанынан боладысы қызық" деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, "боладысы" да қызық.
Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың қыз-келіншектері жас келіннің алдынан шығып, ешкімге көрсетпей шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері ертіп әкеледі. Куанып, ырду-дырду, ойын-сауық басталады. Шымылдық ішінде жас қыздармен отырған келінді көруге әркім-ақ асығады. Жұрт жиналған сәтте салтанатпен "Беташар" басталады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:24
  • 0
5743- рет көрілді

Түйемұрындық (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Ұзатылып келе жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.