На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:40
  • 0
2280- рет көрілді

Талақ (заң жолы, ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Әйтеуір ол маған қатын болмайды. Талақ болсын! Талақ! Талақ!" (М.Жұмабаев).
Әдет бойынша әйелінен айырылысқан ері оны "талақ" етеді. Мұндай жағдай көбінесе әйелі ерінің "көзіне шөп салса" (жеңіл жүріс жасаса) тағы басқа жат істер болғанда қолданылады. Күйеуі "талақ" деген сөзді үш рет қайталаса, неке бұзылған, яғни айырылысқан деп есептеледі. Бірақ, талақ болған әйелдің белгілі бір уақытқа дейін күтуге хақы бар. "Әйел талақ енді, олардың күтетін мерзімі де орындалды, егер осыдан кейін ерлі-зайыптылар ойланып, шарт бойынша бірге өмір сүруге келісіп, жарасып жатса, онда оның қайта қосылуына кедергі жасамаңдар" (Құран кәрім). Шариғат заңы осындай. Егер талақтан кейін екеуі кешірім жасап, қайтадан қосылатын болса, онда олардың некесі қайта қиылады. "Ері әйелін үшінші рет талақ етсе, онда әйел басқа біреуге тиіп шықпайынша, (қайта қосылуға) рұқсат етілмейді" (Құран кәрім).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:39
  • 0
2502- рет көрілді

Табыну (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

Адам баласында Алла тағалаға, әулие-әнбиеге, тағы басқа киелі тылсым күшке сыйыну мен сенудің және оған берілудің бірнеше жолдары бар. Солардың бірі — табыну. Адамдар осы табыну арқылы діни ұғымның таным-түсінігін, оның құдіретті күшін дәріптейді. Оған өзі де, өзгені де сендіреді, тоқтатады. Қазақтар көбінесе Жаратушы құдіреттен басқа аруаққа табынады. Олардан көмек күтеді, бала тілейді, ауру-сырқауына шипа іздейді. Табынудың ақсарбас айту, тасаттық беру, әулие басына түнеу, мойнына бұршақ салу, құрбандық шалу, қайыр садақа беру тағы басқа жөн-жосықтары мен ырым-тыйымдары, өзгеше көріністері де бар. Бұл дәстүрді ел ішінен әлі де жиі кездестіруге болады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:39
  • 0
2722- рет көрілді

Тасборан (Заң жолы, ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Тәңірге тіл тигізген адам егер мұны жеті куә растаса, тас лақтырылып өлтіріледі" (Әз Тәуке ханның "Жеті Жарғы" — заңынан). Бір адам ел-жұртына сатқындық жасаса немесе әйелі еріне опасыздық жасаса немесе ел-жұрт естімеген, көрмеген қылмыс жасаса, айуандықпен жазықсыз адам өлтірілсе т.б. өте ауыр қылмыстары үшін ол "тасборан" арқылы өлім жазасына кесіледі. Яғни, өлімге бұйырылушының аяқ-қолын байлап, жұрт алдына әкеліп, оған қатысқан барлық адам қолына бір-бір тас алып, қылмыскерді сол таспен өлтіреді. Мысалы, Құнанбай Қодар мен Қамқаны өлтіргенде осы "тасборан" заңын қолданған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:38
  • 0
9154- рет көрілді

Ұшықтау (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Кәрі әжем естімейді нана берсін. Берейін өлеңменен шьш ұшықтап" (Абай). Тамақтан, желден, иістен ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу мен ырымның бір түрі. Мысалы, жығылған адамның бір жері қатты ауырып қалса, сол жерде "кет, пәле кет, кет!", "Ұшық-ұшық" деп ұшықтайды. Немесе ауруды күн батар алдында "жер ұшық" беріп, яғни жерге екі-үш рет жығып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды. Көз тигенде "сұқ-сұқ" деп, тіл тигенде "тіфә-тіфә" деп ұшықтайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:37
  • 0
2887- рет көрілді

Үшкіру (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Үшкірсе кейде ашылып қалады, үшкірген жағады, — деді" (М.Әуезов). Халық арасында жеңіл-желпі ауруды бұрын емшілер мен молдалар үшкіретін ырым бар. Үшкіру де емдеудің бір тәсілі. Емші дұға оқып, "сүф-сүф!" деп үшкіреді. Емшіге орамал яғни емдеу кәдесі, ақша, мал беріледі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:37
  • 0
2480- рет көрілді

Ішірткі (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Ақ шыныаяққа ішірткі қып, мынаны жазып ішкізеді" (С.Торайғыров). Халық емшілері, молдалар дұға жазып беріп, оны ауруларға суға езіп ішкізеді. Мұны ішірткі дейді. Ішірткіні емшілер адамды сендіру арқылы емдеуге пайдаланғанға ұқсайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:36
  • 0
4024- рет көрілді

Мойнына бұршақ салу (дәстүр, ырым)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірден немере тілейді" (М.Жұмабаев). Баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып, құдайдан ұрпақ тілеуі ертеден келе жатқан әдет. Бұл тағдырға мойын ұсынып, тәңірге шын беріліп, оның барлық әміріне көнудің және ақ тілеудің белгісі. Мұндай тілек әсіресе ертедегі жырларда жиі кездеседі. Оның соңы тілек орындалып, қуанышқа кенеліп жатады. Бұршақ салу — тәңірден бала сұраған жағдайда ғана қолданылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:37
  • 0
7873- рет көрілді

Қолкесер (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

Ділдабек "қол кесерім" деп санның шақпақ етінен пышақты салды да жаяның қыртысынан апарып бір-ақ шығарды". (Ғ. Мүсірепов). Халық салты бойынша біреудің жұмысына қол ұшын бергені, көмектескені үшін ешкім ақы сұрамайды. Бірақ, шаруаны істеткен адам "келі түбі", "қол үздік" деп тиісті сыбағасын немесе сол еңбегіне қарай (аз болса да) бірдеңе береді, бос қалдырмайды. Соның бірі — соғым сойысқандарға беретін "қол кесер". Яғни соғым сойған адамға тиісті мүшелерін салып ет береді. Соғым сою да қазақ үшін береке, елеулі күндердің бірі. Соғым етінен алғаш рет қуырдақ қуырылады. Бұл — соғымның дәстүрі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:37
  • 20
12355- рет көрілді

Қазық майлау (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

Көктемде мал төлдеп, ол аяқталған соң желі тартылып, бұзау, құлын байланып, қозы-лақ көгенделіп, мал сауу басталады. Осы кезде мал иелері желі басына келіп, "ел тоқ болсын", "ақ мол болсын", "мал басы көбейе берсін" деген тілекпен ырымдап төл ноқтасы мен бұршағына, қазығына май жағып, ақ құяды. Мұндай ырымдар жылқыда "бие бау", басқа малда "қазық майлау" деп аталады. Ақсақаддар бата береді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:36
  • 0
6341- рет көрілді

Қой басты (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

"Қой басты" дейтін әдемі ырым жасап... сол үйден жеңіл тағам жейтін болған" (Тарышов). Қазақ мәдениеті мен шаруашылығында киіз басу өнері кең дамыған. Бұл да ауыл адамдары үшін елеулі, маңызды жұмыстарының бірі және киіз бір үйдікі болғанымен бұған салт бойынша барлық ауыл адамдары араласып, кол ұшын беріп отыруы шарт. Мұндай күндері киіз басушылар киіз тебу, киіз пісіру кезінде оны үй арасында домалата жүріп, бір үй түсына келгенде "қой басты, қой басты!" деп айғайлай шулап күліседі. Бұл — үйіңді қой басып бара жатыр деген сөз. Мұны естіген үй иесі әйел жүгіріп шығып, киіз басушыларға қымыз, құрт, май, нан сияқты тағамдар ұсынады немесе қой сойып дастарқанға шақырады. "Қой басты" әзіл-күлкіге, ойын-сауыққа арналған көңілді дәстүр болғанымен киіз басудың азаюына орай бұл да ұмытылып бара жатыр.