» ӘЙЕЛГЕ АЙТЫЛҒАН ЫРЫМДАР
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:33
106659- рет көрілді

ӘЙЕЛГЕ АЙТЫЛҒАН ЫРЫМДАР

Категориясы: ---

ӘЙЕЛГЕ АЙТЫЛҒАН ЫРЫМДАР
- Жүргіншіге түзге отырған әйел кездессе оның жолы болады деп санаған.
- Үлкен кісілер қонақтан шықса, сол үйден дәм алып, келініне береді. Олай болмаса, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді деп санаған.
- Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы ұйып қалса, ол екіқабат деп ырымдаған.
- Егер өздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жесе ол үйдің әйелі қыз табады деген.
- Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін түріп қойған.
- Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «Жер Ана қуат бер» деп жалаңаяқ жерге жүргізген.
- Жаңа босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармаған.
- Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстамаған. Ұстаса мерзімінен бұрын босанады деп ырым қылған.
- Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туылады деп санаған.
- Баласы кіндігіне оралып қалады деп екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпаған.
- Жас келіннің төсі, малдың желіні іссе- қайтыс болған адамды жуған қолғаппен аптайтын болған.
- Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол –аяғы қысқа болады деп ырымдаған.
- Екіқабат әйел керулі тұрған және шұбатылып жатқан арқаннан аттамайды. Бұлай істесе – босанған кезде баланың кіндігі мойнына оралып, өміріне қауып төнеді деп ырымдаған.
- Екіқабат әйел «Ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын басына жастанып жатқан. Ал қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегі, жүзік,сырға, алқа, маржан, білезік, моншақ жастанған.
- Келін қайын атасының, енесігің, қайын жұртындағы үлкен-кіші туыстардың атын атамаған. Ата-енесінен басқаларға қосалқы ат қойған (мысалы: Төре-жігіт, Мырза-аға т.б.)
- Бұл қайын жұртына құрметі әрі сыйлағаны, жақсы келін атанудың жөні.
- Жаңа түскен келін отқа сәлем бергенде: «От-ана, Май-ана жарылқа!» деп тілеу тілейді. Бұл келіннің жүзы жылы, дидары ыстық болсын, тіл-көз тимесін дегені.
- Қазақ салтында жаңа түскен жас келін көрші ауылға алғаш қыдыра шыққанда, үлкен енелері оған «Итаяғыңа сал» деп сақина, білезік, сақина секілді заттар ұсынады. Келіншек тұнғышын босанып, нәрестені алғаш шілде суына шомылдырғанда ыдысқа осы заттарды салған. Нәрестені шомылдырып болған соң әйелдер бұл заттарды бөліп алып, балаға ақ тілеу тілейді. Онысы – нәресте сараң емес, жомарт, қайырымды болсын дегені.
- Жас келіншек еліріп, желігіп жүрмеуі керек. Былай істесе баласы желіккіш болады. Толғағы ауыр болады, өзіде құтырып кетуі ықтимал деп жорылады.
- Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін бет-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілтектенгенген соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұсты, қабағы қалынқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби сүйек-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген кісіге ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.
- Әйел толғанғанда, үй ішінде тұрған заттардың бәрі алынып тасталады. Сандықтардың аузын ашып қояды. Осылай істелсе – толғақ жеңіл болады, жолдың бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу тілеп тұр деп ырымдалады.
- Жаңа босанған әйелге ақ сарыбас қой сойып, ақ тілеу айтып, қалжа жегізеді. Себебі, туыттағы тері шықпаса, ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық болады деп ырымдалады.
- Бала емізіп отырған әйел омырауын басқа кісілерге көрсетпеуі тиіс. Баланы қалқалап отырып емізеді. Бұл кезде сөйлемейді. Себебі басқаның көзі омырауға түссе – емшегі ісінеді. Сыздауық шығады деп ырымдаған. Ал сөйлесе бала шашалып, қолқасы қабынады да, ауруға шалдығады.
- Жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық суға малымауы керек. Салқын заттарға қолын тигізбеуі керек. Жаңа туған нәресте суық жүрек, тасбауыр болып өседі деп ырымдаған.
- Жаңа босанған әйел үйге кірген итке шық демейді. Бұлай істесе - әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты жойылады деп ырымдаған.
- Әйелдер ошақтың үш бұтынан асырып отын үймеген. Олай болғанда күйеуінің көңілі басқа әйелге ауып кетеді деп ырымдаған.
- Жүкті әйелдер түйенің етін жемейді. Жесе – баланы он екі ай көтереді, тоғағы қатты болады деп ырымдаған. Түйенің етін жеп, уағында толғатып, мезгілінде босана алмаса – сол үйдің төріне сойылған бураның бас сүйегін іліп қояды. Онысы - әйел тез босансын дегені.
- Қазақтың келіні қайын енесі мен қайын атасының төсегіне отырмайды.Бұлай істеу әдепсіздік, арадағы сыйластық бұзылады, адамдық жойылады, құрметтен айырылады, келіннің етегі ашылады деп қатал тәртіппен тиым салып, жаман ырымға жатқызады.
- Қазақ әйелдері қасын боямайды, жұлып тақырламайды. Бұлай істесе – қастасы көбейеді, жауы басына шығып басынады деп жориды.
- Түнде әйел заты суға бармайды. Әйел жаны нәзік, әрі қорқақ келеді. Су жануарларын көргенде жын деп ойлап, шошынып қалады деп санайды.
- Қазақ үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның қолынан балаларына дәм таттырмайды. Жамандығы бастарына келеді деп ырымдаған.
- Қазақ әйелдері өзінің әдейілеп басына салып жүрген арнаулы жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе басындағы бақ басқаға көшеді деп ырымдаған.
- Жас жұбайлар алғаш жататын төсегі – «Ақ некенің ақ төсегі» деп аталады. Енесі мен жеңгелері төсекті аршамен аластайды, иіс су себеді. Төсекті бұлай аластамаса жын сайтан жабысып, неке бұзылады деп жориды.
- Қазақта ұзатылған қыз жыл толмай төркініне келмейді. Себебі, отаудың оты лаулай түссін дегені. Бұл мезгіл бұзылса – ақ төсек суиды, көңілге жел кіреді деп ұйғарылады. Мұндай кезде туған бала безбүйрек, қатал болады деп сенеді. Сондықтан отауды жайнатып ұстап, отбасына самаурды қайнатып қойып, кеткен –келгенді ашық-жарқын қабақпен қарсы алу арқылы жас келін келген жеріне әбден бауыр басып кетуі крек. Содан кейін ғана төркініне баруға болады. Төркіндей барғанда дауыс айтып, сағынышын да ақтаруға ерікті. Қуанышпен көрісу – жақсылық. Ата –анасы сағынып келген қыздын жылы шыраймен, ақ пейілмен күтеді. Қайтар кезінде қалағанын береді. Қыз көңілі марқайса – ел көңілі өседі деп жориды.
- Әйел биязы, сыпайы, жібектей есіліп тұруы керек. Үй ішінің мүлкін, ыдыс-аяқты салдырлатпауы қажет. Адам тамақ ішетін ыдысты «ит аяқ» деп атамайды. Бұлай атаса – ыдыстың ырысы қашады, адамның дәм –тұзы төгіледі.
- Әйел еш уақытта еріне қол жұмсамауы керек. Күш көрсетіп, таяқпен сабамайды немесе таяқ ала жүгіріп, сес көрсетпеуі тиіс. Ұрысқанда тілдеп бетіне түкірмейді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп есептейді.
- Түнде жатқан төсегіңді таңертен өзің жина. Жиналмай қалған көрпе жастықтың ішіне сайтан кіріп алады да, адамға жамандық тілейді. Жиналмаған төсек-орын жаугершілікті де еске түсіреді. Төсектің жиналмауы - әйелге де сың. «Салпы етек, салақ, бос әйел» деген қанқу сөз тарайды. Сөзге іліккен әйелдің үйінен құт қашады деп ұйғарылады.
- Қазақта әйел еркектің алдында төсін жарқыратып отырмайды. Бұлай істесе сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қараяды, омырауы іседі. Тас емшек болып омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды.
- Әйел кісі итке тас лақтырмайды. Бұлай істесе құты қашады. Ит – жеті қазынаның бірі, шамданады. Әйел қолының берекесі қашады, ырысы қашады деп ырымдалады.
- Әйел мал бауыздамайды. Басқа амал болмаған жағдайда тіреуішке мініп бауыздайды. Өйткені әйел мал бауыздағанда сескенеді. Сескеніп бауыздаған малдың еті мәкіру саналады.
- Әйел пышақ қайрамайды, жаниды. Пышақ қайраса еркегінің сағы сынады деп жорылады.
- Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз болып туылады, ондай бала суайт болады деп ырымдалады.
- Тойы жасалып, үйінен ұзатылып шығарылған қыз кетіп бара жатқанда артына бұрылып қарамайды. Бұлай істесе – некесі бұзылады, күйеуімен отаспай, үйіне қайтып келеді деп жорылады.
- Әйелге бүйірін таянып түруға болмайды, өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
- Әйелге түнде суға баруға болмайды, өйткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
- Екіқабат әйелге түйе етін жеуге болмайды, әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойнына ақ мата салып, содан аттап өтуі керек.
- Жүкті әйел жеңіл босану үшін толғатқан кезде оған тиісті барлық сандықтар ашылып қойылады.
- Жаңа босанған әйел киіз үйге кірген итті қумайды, егер қуса, тістері түсіп қалады.
- Әйел отынды ошақтың үш бұтының үстінен асырып жинап қойса, күйеуі басқа әйелге үйленеді.
- Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.
- Екіқабат әйел керілген арқаннан аттап өтпейді, өйткені босанған кезде баланың кіндігі мойнына оратылып, тұншығуы мүмкін.
- Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтсе, бақытсыз жағдайға душар болады.
- Әйелге шашын отқа тастауына болмайды. О дүниеде құдай әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
- Кір жуғанда кірдің суын жолға, аяқ астына төгуге болмайды. Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа ұшырайды.
- Түн ішінде кір жаймайды. Өйткені әйел қорқып, шошыма ауруына шалдығуы мүмкін.
- Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.
- Жұма күні кір жууға болмайды. Жұма күні кір жуылса - әруақтар риза болмайды.
- Айт мейрамы кезінде кір жууға болмайды. Өйткені айт - қазақ халқының діни мейрамы, қасиетті мерекесі.
- Қызға құйымшақ жегізбейді. Құйымшақ жесе, жеңілтек болады деп санайды.
- Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.
- Екіқабат әйелге ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса, мерзімінен бұрын босанады.
- Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады.
- Жас келіннің емшегі, малдың желіні іссе, қайтыс болған адамды жуған қолғаппен аптайды.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.