Тыйымдар
• Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай киналады.
• Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
• Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламағаны жөн. Ол о дүниеге әке-шешесін күтіп алуға кетеді. Ал әке-шешесі көп жылай берсе, көз жасынан пайда болған көлге батып кетіп, әке-шешесін күтіп ала алмайды.
• Өлік жатқан жерді қырық күнге дейін басуға болмайды. Бұл күндері өлік жатқан жерде қайтқан адамның иесі жүреді.
• Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинаса, әруағы риза болмайды.
• Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіріп, тамақ ішпейді. Бүл «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырым.
• Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда баска үйге кіріп тамақ ішуге болмайды. Бүл да «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырымнан туған, Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отырса, әруақтар риза болмайды.
• Өлген адамга дауыс көтеріп жоқтап жылағаннан кейін беті-қолды жумай тамақтан дәм тату күнә болып саналады.
• Өлген адам тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтса, о дүниеде жаны қиналады.
• Қабірдің топырағын үйгенде топырақ тастаушылар күректі аяқпен баспайды және бірінің қолынан бірі күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады. Бүл «өлім-жітім аз болсын» деген ырым.