На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:35
  • 0
5389- рет көрілді

Тулақ шашу

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

"Тулақ шашу — жүн сабарда, сабап болған соң берілетін шашу табағы" (С. Қасиманов). Халқымыздың әрбір іс, шаруаның басталу, аяқталу сәтін жай өткізбей, оны атап өтіп және соған сәйкес әдет-ғұрыптар, ырымдар жасап отырған. Соның бірі — жұрттың бәрі біле бермейтін тулақ шашу салты. Мұны көбінесе әйелдер жасайды. Киіз, текемет басатын үй оған қатысатын әйелдерге жүн сабар алдында "тулақ шашуын" шашып, тамақ береді. Бұл салт жүнді сабап болғаннан кейін де қайталанады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:35
  • 0
5777- рет көрілді

Теңсерік (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

"Жерін теңсерікке беретін есепқор байлар" (3. Ақышев). Бұрын шөп дайындағанда байлар жұртты үмеге шақырады. Кейде әр адам өз иелігіндегі жердің шабындығын (шөбін) "теңсерікке" береді. Яғни жігіт жалдап шабылған шөптің жартысын сол адам алады. Жалданған адам шөпті мезгілінде шауып, шөмелеп береді. Жер иесі келісім бойынша тиісті шөп үлесін бөледі немесе соған лайықтап мал да беретін болған. "Теңсерік" дәстүріне екі жақ та адал істеп, әділ бөлуге тырысқан.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:35
  • 0
5147- рет көрілді

Нәзір (салт, ырым)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

Күрделі жұмыс бастағанда (мысалы егін салғанда, су келтіру үшін арық қазғанда, үй салғанда) бұрын әр адам "тәңірім ісімді оңдай көр", "қайырлы ете көр" деп "нәзір" жасаған.
"Нәзір" дегеніміз ауылдас адамдарын шақырып, малын сойып өзінің бастағалы отырған ісінің мән-жайын айтып әруақтарға дұға оқытып, көпшіліктен бата тілейді. "Көп тілегі — көл" дегендей жиналғандар оған "алла риза болсын, тілегің қабыл болсын, ісің оңға бассын" деген сияқты ізгі, баталы, аталы сөздерін айтып, ризалық көңілдерін білдіреді. Өзінің әр ісіне ыждағатпен, сеніммен, шын берілгендікпен қарайтын халықтың осы ізгі жолы ұлтымыздың жақсы дәстүрі мен әдеп-салтының қасиетін айқындай түсетін тағы бір елдік нұсқа.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:34
  • 0
5578- рет көрілді

Үме (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

"Үмеге келген үндемей қалмайды" (мақал). Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары "бір жеңнен қол шығарып" бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Соның бірі — үме. Әсіресе, қысқы мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Қарулы азаматтар бел орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. 20-30 жігіт қатарласа тұрып орақ тартады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге ет асаймыз деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін әнші, күйші, жыршылар да келіп, өнер көрсетіп, жүрт бір серпіліп қалады. Үме — ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:33
  • 0
5283- рет көрілді

Сірге мөлдіретер (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

"Бие ағытар күні берілген қымызды "сірге мөлдіретер" дейді. (КСЭ). Бұған ауылдың ақсақалдары мен аналары шақырылады, олар риза болып, алғыс айтып, бата береді. Кей жерлерде мұндай дәстүрді "сірге жияр" деп те атайды. Бұл да қазақтың жомарттық салтын көтере түсетін қасиетті дәстүр.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:32
  • 80
12394- рет көрілді

Сабан той (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

— Ұлттық салт-дәстүрдің ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтық, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыкқа ұрынбай мезгілінде жинап алған ел күзде "сабан той" өткізеді. Әрине, мұнда да кең дастарқан жайылып, ақсақалдар бата береді. Палуан күрес, ойын-сауық түрлері өткізіледі. Не керек, жұрт қауырт жұмыстан кейін кең тыныс алып бір жасап қалады. Жомарттар жұртқа қап-қап "кеусен" беріп, оларды да риза қылады.
"Сабан той" — мереке әрі егіншілердің еңбек қортындысы десе де болады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:32
  • 0
6652- рет көрілді

Салбұрын (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері


Мұндай аң аулағаңды қазақтар "салбұрын" деп атайды. ("Дала уәләйаты" газеті). Бұл — аңшылық сауық. Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуын "салбұрын" деп айтады. Мұны аңшылық мерекесі десе де болады. Мұнда алған аң бәріне бірдей бөлінеді. Ауылдағы ақсақалдардың жолы бөлек есептеледі. Салбұрын аңшылардың ерлігін, азаматтығын сынайтын жол. Аңшылардың қысты күні күтетін сәті — сонар. Сонар "ұзақ сонар", "келте сонар" және "қан сонар" деп үшке бөлінеді. Мұның ең қызығы соңғысы. "Қан сонарда бүркітші шығады аңға" (Абай).
Бұл — аңшылар үшін өте қызықты сәттердің бірі. Қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқаңдай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтіп жүреді де ізіне түскен аңды құтқармай соғып алады. Тағы бір қызығы қасқыр, түлкі сияқты аңдар сонардың өзіне қауіпті екенін сезеді. Ондай сәттерде олар апанынан, інінен немесе жатқан жерінен қозғалмайды, із салмайды. Мұны аңшылар жақсы біледі. Сонарда аңшылар аңды дабыл қағып, айғайлап, ит қосып үркітіп шығарады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:31
  • 0
10481- рет көрілді

Сыралғы (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

"Батырдан — сауға, аңшыдан — сыралғы" (мәтел). Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан кездескенде сұралатын дәстүрлі, кәделі жол әрі ырым. Мәрт аңшылар мұндайда "сыралғы" сұрағанның сөзін жерге тастамайды. Есте болатын бір әдет-ғұрып — міндет. Бірақ атып алған аң сыйлықка жатпайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:31
  • 0
6138- рет көрілді

Лау (ғұрып, дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

"Атшабар келді лепілдеп, "Ояз шықты, сияз бар", "Ылау" деп, — үй деп дікілдеп (Абай). Бұрынғы кездерде лауазымды адамдар немесе көліксіз кісілер әр ауылдан лау мініп, яғни жұрттан көлік алып жететін болған. Лауға ат, арба, түйе пайдаланады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:30
  • 100
5625- рет көрілді

Аңшылық

Категориясы: Дәстүрлер » Еңбек дәстүрлері

Аң аулау — ертеден қалыптасқан салт. Әрине, тіршілік, табыс үшін аңшылық құратындар бар. Бірақ аңшылық шын мәнінде сауық, қызық, шынығу, ептілік, серілік, сезімталдық, сергектік, білімпаздық сияқты көптеген қасиеттерді ұштайтын тамаша өнер мектебі десе де болады. Жүйрік ат, ұшқыр тазы, қыран бүркіт, кең дала, тамылжыған табиғат — бәрі-бәрі де аңға шыққан ер жігітке бұл дүниенің шын қызығын сыйлағандай көңілді көтере түседі. Осындайда қасқыр соғып, түлкі, қарсақ алу аңшы өмірінің тамаша жеңісті, ұмытылмас сәті. Қанжығасы қаңданған ол ауыл ағаларына олжа байлауы — азаматтық пен ерліктің, халықтық дәстүрдің таза жолы. Аңқұмар халық үшін әкелген аңды көру де бір ғанибет.
Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда, — дегендей мұндайда аңшының мақтануы да, оны мақтау да орынды-ақ. Ел ішінде аңшылық қасиетті, құрметті өнер әрі сал болса, аңшының өзі де беделді, сыйлы адамдардың бірі. Мұның өзі аңшылық дәстүрдің бағасы жоғары, өмірде орны бөлек кұбылыс екенін толық дәлелдесе керек. Аңшылық өнерді Ақан сері, Сегіз сері, Абай тағы басқа халқымыздың ардагерлері өте жоғары бағалаған. С.Мұқановтың, М.Әуезовтың, С.Жүнісовтың, Қ.Тәукеновтың және басқа жазушылар шығармаларында аңшылық өнердің қилы-қилы қызықтары мен құпиялары кең суреттелген. Аңшылыққа жастарды баулу, үйрету — ата кәсібі мен салтының асыл қазынасын толтыра түсу деген сөз.