На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:54
  • 100
19726- рет көрілді

Тұсаукесер

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін (Тұсаукесер жыры)

Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын
кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек. жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар. Мысалы:

Қаз-каз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!

Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:53
  • 0
13146- рет көрілді

Базарлық

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны "базарлық" деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтьң белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:52
  • 0
18864- рет көрілді

Байғазы

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Байғазы балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері "байғазыға байдың қызы" деп те айтады. Байғазы балалардың көңіл-күйін көтеретін дәстүр.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:51
  • 0
18504- рет көрілді

Бастаңғы

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, "жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса" дейді. Бастаңғының мәнісі — жастардың сол үйде ойын-сауықта бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:51
  • 0
22489- рет көрілді

Бәсіре

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң-солын таныған соң, "сүндет тойына" немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Оны "бәсіре" тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. "Бәсіре" атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына "бәсіре тайым бар" деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:50
  • 80
24459- рет көрілді

Тілашар

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң медресеге, мектепке окуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі "тілашар" тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, "ғалым бол", "ақын бол" деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:49
  • 0
17823- рет көрілді

Ашамайға мінгізу

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатьш тәрбиелік салттың бірі — осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп "сен азамат болдың" деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі — осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:

Ал ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасынан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақ жол болсын — деп бата береді.

Ақ тілекті аналар шашу шашады. Басқа балалар тайға мініп жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:48
  • 0
16951- рет көрілді

Жеті ата

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Жеті атасын білмеген — жетесіз (мәтел). Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Қазір де солай. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.
Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан әрі білу үшін адам 100 жылдан астам өмір сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?
Олай болса жеті ата:

1. Бала.
2. Әке.
3. Ата.
4. Арғы ата.
5. Баба.
6. Түп ата.
7. Тек ата. (Ат-тек деген сөз осыдан шыққан сөз).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:45
  • 20
10843- рет көрілді

Енші

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дұние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды. Қыздарға берілетін дүние-мүлікті «жасау» дейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:43
  • 0
13900- рет көрілді

Айдар, кекіл, тұлым

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны - "айдар" дейді, Бұл шаша қоюдың бір түрі. Бұрын ел ғұрыпты көп қолданған. Кәзіргі кезде біздің жас балдардан арасында айдары бар балдарды көп кездесуге болады. Балдарға сонымен қатар тұлым, кекіл де қойылады

Тұлым қою (ғұрып). — Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны "тұлым" деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.