Ділдабек "қол кесерім" деп санның шақпақ етінен пышақты салды да жаяның қыртысынан апарып бір-ақ шығарды". (Ғ. Мүсірепов). Халық салты бойынша біреудің жұмысына қол ұшын бергені, көмектескені үшін ешкім ақы сұрамайды. Бірақ, шаруаны істеткен адам "келі түбі", "қол үздік" деп тиісті сыбағасын немесе сол еңбегіне қарай (аз болса да) бірдеңе береді, бос қалдырмайды. Соның бірі — соғым сойысқандарға беретін "қол кесер". Яғни соғым сойған адамға тиісті мүшелерін салып ет береді. Соғым сою да қазақ үшін береке, елеулі күндердің бірі. Соғым етінен алғаш рет қуырдақ қуырылады. Бұл — соғымның дәстүрі.