Жарлының жалғыз қозысын қасқыр жейді.
.....................................................
Сорлыға сойылдың жуан басы тиер.
..................................................
Бұлт қайда қонса,
Береке сонда шөгеді.
................................................
Жұт жеті ағайынды
............................................
Кұлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды.
.................................................
Бір қазаға екі жаза жоқ.
...............................................
Әкесі өлгенді де естіртеді.
................................................
Жау жағадан алғанда, ит етектен тартады.
...............................................
Койға қасқыр шапқанда ит семірер.
.................................................
Жазым болса, быламыққа тіс сынар.
..............................................
Жамандық аяқ астында.
...............................................
Отырса — опақ, тұрса — сопақ.
.............................................
Жаманшылық пен жақсылық егіз.
..................................................
Жамандық жасырылмас.
...........................................
Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады.
...........................................
Итті иесімен қина.
........................................
Кырсыққанда қымыран іриді.
............................................
Кырықтың бірі қыдыр.
..........................................
Айтқанда ауыз жаман.
Жылағанда көз жаман.
................................................
Бағы тайған адамды түйс үстінен ит қабар.
................................................
Жолы болар жігіттің
Желі оңынан тұрады.
...............................................
Бақ қонатын адамның,
Ұлы епті, қызы көрікті болады
.................................................
Айран ішкен құтылып,
Шелек жалаған тұтылып.
..............................................
Таудай талаптан бармақтай бақ.
................................................
Аңшының кешіккенінен сүйін.
.................................................
Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.
...............................................
Сау басына сақина тілеп.
....................................................
Таршылық болмай кеңшілік болмайды.
................................................
Батар күннің атар таңы бар.
................................................
Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр
Жерге жауған нұр.
...........................................
Жетім қозы түртіншек.
..............................................
Әр кәллада бір қиял
.........................................
Бұл дүниенің құсасы,
Ол дүниеге кетпейді.
...........................................
Өз мінін білген өзгеге төрелік береді.
...........................................
Күріш арқасымен күрмек су ішер.
...........................................
Қайғыны қайраткер жеңеді.
............................................
Басыңа бақ қонғанда,
Елден асқан данасың.
Басыңнан бақ тайғанда,
Қалыбыңа барарсың.
.................................................
Жетім қыздың тойындай.
................................................
Қас жақсының белгісі,
Қайғысын жұртқа білгізбес.
.............................................
Қаралы көңіл жаралы
.........................................
Жолы болар жігіттің
Жеңгесі шығар алдынан.
.................................................
Ақсақ түйенің аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
................................................
Олай тартсаң — өгіз өледі,
Бұлай тартсаң — арба сынады.
..............................................
Аспапнан іздегенім аяғымның астынан шықты.
................................................
Жапалақты тасқа ұрсаң да,
Жапалақ өледі.
Таспен жапалақты ұрсаң да,
Жапалақ өледі.
.........................................
Байтал түгіл бас қайғы.
.........................................
Сұмырай келсе су құрыр.
...............................................
Жерге түскен жетімдікі.
...........................................
Ел қонысынан айрылса,
Ел ырысынан айрылады.
................................................
Сорлының аузы асқа тисе мұрны қанайды.
............................................
Біреу өлмей, біреу күн көрмейді.
..................................................
Құдай бергенге кұлай береді.
...............................................
Дүние — кезек.
..........................................
Өлмегенге өлі балық кездеседі.
.............................................
Қойдан қалған қозы қасқырға тап болады.
..............................................
Бір күн қарны ашқаннан, қырық күн ақыл сұрама.
..............................................
Жаман айтпай жақсы жоқ.
................................................
Өлетін бала молаға қарай қашады