Тойдың болғанынан, боладысы қызық.
......................................................
Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.
..............................................
Қой жүрген жер береке,
Қыз жүрген жер мереке.
.............................................
Мысық та жолбарысша қуанады.
........................................
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
...........................................
Өлең өмірді ұзартады.
..........................................
Өлең — сөздің патшасы.
...........................................
Өлең — көңілдің ажары.
............................................
Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер.
.............................................
Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы.
............................................
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
............................................
Жүзігін алтын болғанша, жүзің жарқын болсын.
.............................................
Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
...........................................
Берекесіздің аулы мерекесіз.
............................................
Өлең — алтын, сөз — кұміс.
.............................................
Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да қойға бар.
..........................................
Гүлсіз болса жер мұңды.
Күлкісіз болса — ел мұңды.
................................................
Күлкі ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
...........................................
Қызды ауылдың иті жатпас
..............................................
Әуелгі сөз – ағадан
Әдепсіз сөз ініден.
...........................................
Той тойға ұлассын,
Бақыт балаға ұлассын.
......................................
Аузында әзілі жоқтың
Қолында шоқпары бар.
.......................................
Құданы құдай қосады,
Досты періште қосады.
...........................................
Құда болғанша.
Түп-тегіңді сұрас,
Құда болған соң,
Қол қусырып сыйлас.
........................................
Аты, тоны бар кісі,
Жиын тойға барысар;
Ұлы қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.
.........................................
Жиған – тергенің тойда шашылсын!
..........................................
Ағайынды іске шақырма – асқа шақыр.
.................................................
Тойдың болғанынан боладысы қызық.
................................................
Жаман сөз - жанға кірген тікен
Жақсы сөз - таптырмайтын ем.
.................................................
Балалығыңды сағынсан - нағашыңа бар,
Жігіттігіңді сағынсан – қайныңа бар.
...............................................