Өз елінде шекпен пішпеген,
Кісі елінде мақпал пішеді.
......................................
Кедей "бай" болсам дейді
Бай "Құдай"болсам дейді
........................................
Иттің ұлығанын бөрі естімес.
.......................................
Ит құтырса иесін қабар.
Шымшық құтырса бүркітке шабар.
................................................
Кәдір білмейтінге кәдіріңді кетірме.
.....................................................
Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге.
.....................................................
Ашаршылықта түйенің сіңірі де тәтті.
Тоқшылықта қозының құйрығы да қатты.
...................................................
Есек құлағының ұзындығына мақтанар,
Есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар.
.....................................................
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.