На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:47
  • 100
3930- рет көрілді

Наурыз тілек

Категориясы: Баталар » Наурыз баталары


Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс-туғандары мен жарандарына Ұлыстың Ұлы күнімен кұттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады. Мысалы:
Төрт түлік ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!

Тілек — достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.
Көк тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма! Әділ жаңды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма! Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос! Мұндай жақсылықты әр отбасы өз шаңырағында қол жайып, шын ниетпен, пәк көңілмен тілейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 5-08-2012, 19:03
  • 60
10466- рет көрілді

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР

Категориясы: Баталар » Наурыз баталары

Наурыз мерекесінді берілетін баталар
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
........................................
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Малың тоқ,
Уайым-қайғың жоқ болсын.
Көген толы қозы,
Желі толы құлын болсын.
Малың базарлы,
Ұлың назарлы,
Қызың ажарлы болсын!
Құдай оңдасын,
Әулиең қолдасын.
Кетқенің келсін,
Кемісің толсын!
.................................

Құдай жарылқасын!
Бай қылсын!
Бақ қарасын!
Қыдыр дарысын!
Әруақ жебесін!
Дастарханға береке берсін!
Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін!
Кетпес дәулет берсін,
Ұшпас бақыт берсін.
От айнала бас берсін,
Өріс толы мал берсін!
Айдан аман сақта,
Жылдан есен сақта!
ЖҮЗ бір қатерден сақта,
Мың бір пәледен сақта!
Аузы қанды беріден сақта!
Қолы қанды ұрдан сақта!
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта!
Ізет, абиыр, бақ-дәулет,
Ризық, несібең арта берсін!
.......................................
Бай қылсын,
Төрт түлікті сай қылсын,
Кетпес дәулет берсін,
Отауыңа сәулет берсін.
Бастарыңа бақыт қонсын,
Қастарыңа нөкер толсын.
Дұшпандарың жоқ болсын.
Көре аламаған қаскөйдің,
Іші күйіп шоқ болсын.
Ризық, нәсібің тасып,
Кеңілдерің тоқ болсын.
Туған балаларың ержетіп,
Өсіп үлкен ел болсын.
Бақталасың кем болсын,
Дәулетің шалқып сел болсын,
Дастарханың кең болсын!
.............................................
Тышқан жылы тыныштық бер,
Сиыр жылы ырыс-құт бер.
Барыс жылы мал-басымды өсір,
Қоян жылы туымызды құлатпа,
Жылан жылы жұрттан жылу сұратпа.
Ұлу жылы ұл-қызымды жылатпа,
Жылқы жылы жеткізе гөр мұратқа.
Қой жылында қопаңдап,
Ат құйрығын кескен дос,
Мешін жылы мәз болып,
Түйістіріп төс пен төс,
Құда болып табыссын!
Тауық жылы шыққан дау,
Ит жылында ел ұйып,
Тойға ұласып жөнелсін.
Доңыз жылы шапқан жау
Тышқан жылы шемиіп,
Домаланып ол өлсін!
Жылан жылғы ұрыста
Шейіт болған батырдың
Бесікте қалған баласы
Мұшелге толып жас болсын.
Ағайынға бас болсын!
Әкеге тартып тусын ол,
Әділет жолын қусын ол.
Атына қамшы салсын ол,
Атаның кегін алсын ол!
............................................

Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның қияда болсын,
Аққуларың ұяда болсын,
Ауыл-аймақ,
Бота, тайлақ,
Үй-жамағат –
Бәрі түгел аман болсын,
Кейінгіге береке берсін!
Алғанда аз да болса көптей көр,
Бергенде көлдей бол.
Жарылқасын құдайым,
Тартпасын халық уайым.
Бай қылсын,
Төрт ТҮЛІКТІ сай қылсын,
Кетпес дәулет берсін,
Отауыңа сәулет берсін.
Ұлыс КҮНІ қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар.
.........................................

Әуелі Құдай, оңдай көр,
Оң жолына бастай көр,
Адасса жолға сала көр,
Сүрінсе қолдап ала көр,
Кездессе шайтан қаға көр!
Жұлдыздармен жалғастыр,
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр!
...........................................
Айдай жарқыра,
Жұлдыздай жылтыра.
Маңдайың ашық болсын,
Дұшпаның қашық болсын!
Ай кердім, Аман көрдім.
Ақиретте иман кердім,
Баяғыдай заман көрдім,
Ескі айда есірке,
Жаңа айда жарылқа!
Бере бер, береке бер,
Не берсең қайырымен бер.
Баянды бақыт бер,
Басқа амандық,
Асқа адалдық бер.
Ырыздығың үйден,
Абыройың түзден болсын.
Өмірің көңілді,
Еңбегің енімді болсын.
Не тілесең тілегіңді берсін!
...............................................
Берсін десең, берейін бата,
Дарысын Қыдыр ата.
Қыдырың қияласын,
Періштең ұяласын.
Құдайың жарылқасын,
Қызығың арылмасын.
Мінгенің пырақ болсын,
Дұшпаның жырақ болсын,
Достарың жуық болсын.
Екі иығыңдағы екі періште,
Жақсылығын жазсын.
Бейнетің қашық болсын,
Дәулетің асық болсын.
ЖҮЗІҢ ақ болсын,
Дұшпаның жоқ болсын!
.............................................
Я, Қудайым, оңдасын,
Ғапылат жолға салмасын.
Мезгілсіз ажалдан,
Аурудан, оттан, соттан сақтасын.
Адалдықты жақтасын.
Сайрап турған қызыл тіл,
Жаман сөзге баспасын.
Нелер қиын іс болса,
Амандықпен сақтасын.
......................................

Я, Қудайым, оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Жан-жағыңды торласын.
Достарың келіп қамалап,
Душпаныңды қорласын.
Аспаннан таулық берсін,
Жерден неғмет берсін.
Не тілесең соны берсін,
Қайырлы ғумыр берсін.
Таусылмайтын ризық,
Таупықты перзент берсін.
........................................
Я, Құдай, бас бер,
Қайырлы жас бер.
Ішіп-жейтін ризық,
Таусылмайтын ас бер.
Ағайын болсаң, қоғам бол,
Бірің оған болсаң,
Бірің бұған бол.
Үлкен болмай, кішік бол,
Ел сыйлайтын кісі бол.
Дәм берсең халыққа,
Шығасың сен жарыққа.
........................................

Я, Алла хақ,
Тілеуші тіл менен жақ.
Сураушы - біз, беруші – сіз.
Бере кер басқа бақ.
Тілегім, аурудан сақта,
Мезгілсіз ажалдан сақта.
Келер пәлеңнен сақта,
Көңілі батылдан сақта,
Сезі шайпау қатыннан сақта.
Халыққа еңбек ет,
Еңбек етпей, ұйықтап жатпа.
Еңбек етсең тұзу,
Кез боласың баққа,
Айтатыным жоқ осыдан басқа!
...........................................

Қабыл болғай ықыласың,
Аман болғай отбасың.
Біз берелік қол жайып,
Бурынғының батасын.
Тәңірім езі жарылқап,
Талабыңды оңдасын,
Тілегіңді қолдасын.
Үш ЖҮЗ алпыс әулие,
Қысылған жерде қорғасын,
Душпаныңды торласын.
Кетпес дәулет, кең пейіл беріп,
Басыңнан бағың таймасын!
Душпаның кез салмасын,
Үры-қары із салмасын.
Досың КҮЛІП, дұшпаның табалап,
Кеп ішінде мұңайып, сағың сынбасын.
Қыдыр ата жолдасың болсын,
Қосай атам қолдаушың болсын.
Пірім Бекет, Барақ ата,
Қожа-шайых қорғаушың болсын!
Жасы үлкендер тілекшің болсын,
Жасы кішілер көмекшің болсын.
....................................................
Келінің жинақшыл болсын,
Қызың әдепшіл болсын.
Қырықтың бірі Қыдыр-ды,
Үйің қонақшыл болсын!
Самаурында шай қайнап,
Казаныңда май қайнап,
КҮНДЕ той дастарханы жайылып,
Қонақ қүтумен
Келін төсегін жимасын!
Балаң мейірімді,
Келінің кішіпейіл болып,
Ата-анасын сыйласын.
Ұл десең ұл, қыз десең қызың болып
Үйіңде бала толып ойнасын!
..............................................

Қораң малға толсын,
Үйің жанға толсын.
Оқу, ілім үйреніп,
Жас балалар жетісіп, адам болсын.
Халықтың қамқоршысы,
Ел ағасы - естияр азаматтар,
Ақыл, санаң болсын.
Ұрыс-қағыс болмай,
Бейбітшілік заман болсын.
Шаруашылықтарың шаш-етектен байып,
Дастархан толы ақ адал тағам болсын!
......................................................

.«Құлқуалла» - Құраным,
Бейбітшілік ұраным.
Осы отырған
Көп әлеумет құралым.
Бәріңнің де үйлеріңде той болсын!
Келін түсіріп, немере СҮЙІП,
Көңілдерің жәй болсын.
Терт ТҮЛІГІҢ сай болсын!
Пендеден сабыр болсын,
Осы айтқан батам қабыл болсын!............