» » » КЕЛІН ТҮСКЕНДЕ БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 5-08-2012, 18:42
11000- рет көрілді

КЕЛІН ТҮСКЕНДЕ БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР

Категориясы: Баталар » Көпшілікке

Жетегің бұйда болсын,
Арқаның шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын.
Бесігің алдыңнан тұспесін,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін!
........................................
Келінің баянды болсын,
Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын.
Жылы жүзді болсын,
Жұмсақ сөзді болсын.
Келінің бақытты болсын,
Ел қыдырса сыпайы жүрсін.
Күлсө сыпайы күлсін,
Ашпын деп жалаңдамасын.
Өз ерімнен анау тәуір екен деп,
Шаш қайырғанға алаңдамасын.
Алдымен еріне жақсын,
Атасы мен анасына жақсын.
Осы ақылымды алмаған келіндер,
Бір тәңірден тапсын!
.............................................
Жас келіннің қонған жері,
Құтты қоныс, тұғыр болсын.
Біреуі шал, бірі кемпір
Қоса ағарған ғұмыр болсын!
Балапанмен, балақанмен,
Бесік іші жыбыр болсын.
Құлын-тайдың асырымен,
Оттың басы дұбір болсын.
Сұйіспендік махаббатпен,
Тәтті күлкі, сыбыр болсын.
Кәрі КҮТІП, бала бағып,
Мол қызықтан ығыр болсын.
Кәрілерге мейірімді,
Келіндерде әдеп болсын.
Ата күту, ана бағу -
Ата жолы әдет болсын!
........................................
Жарқын болсын көңілің,
Жаздың әсем таңындай.
Таза болсын өмірің,
Таудың әппақ қарындай.
Өзен болсын пейілің,
Таудан аққан ағындай.
Жатсын қонақ үйіңнен,
КҮНДІЗ-ТҮНІ арылмай.
Дастарханың мол болсын,
Мызғымасын босағаң.
Шаңырағың биік боп,
Қосағыңмен қоса ағар.
.....................................
Сары ала ат, торы ала ат,
Келінді қойдай балалат.
Қыз таппасын, ұл тапсын,
Үлкендерге қолғанат.
Кигенің тон болсын,
Балаңның баласы он болсын,
Келінің бір жылдан кейін би болсын.
Балаларың ер жетсін,
Құдаларың төрлетсін.
Немере мен шөбере СҮЙІП,
Бесігін ана тербетсін!
...................................
Білімің қатарыңнан асыл етсін,
Бақытың абыроймен тасып өтсін.
Артыңнан өлмейтұғын ат қалдырып,
Жалғанды жалпағынан басып өтсін.
Нұрланып жол ашылсын талабыңнан,
Мерейің үстем болсын алабыңнан.
Ұл мен қыз куанышы қабаттасып,
Көркейсін келініміз балағынан.
.....................................
Астыма мініп келген ала кер тай,
Берейін мен бір бата, қолыңды жай.
Мұстажап менің батам болса қабыл,
Боларсың жыл айналмай мыңғырған бай.
Сақтағайсың санадан,
Жетім қылма ата менен анадан.
Ғұмыр берсін, келінім,
Үрім-бұтақ балаңа!
Қосымбайдың малын берсін!
Ыбырайымның зекетін берсін!
Қолыңнан ағың кетпөсін,
Басыңнан бағың кетпесін!
Тәңірім берген несібең
Тепкілесең кетпесін!
Мәртебең өссін,
Дұшпаныңның қолы жетпесін!
Тәңірім берекетін берсін!
.........................................
Шоқай бата бермес,
Бата берсе,
Жал-жаяға сата бермес,
Айтқаны қата кете бермес.
Шоқай шын ниетпен бата берсе,
Ол әйел бала таппай жата бермес.
Шоқай батаны боздатсын,
Келін баланы қоздатсын,
Болмаса көпке балап,
Елден ерек бір ұл тапсын!
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.