» » » ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 5-08-2012, 18:21
55458- рет көрілді

ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР

Категориясы: Баталар » Жастарға, балаларға


Бұл екі жасқа:
Денсаулық, амандық беріп,
Ұзақ өмір берсін.
Адалдан бер,
Ақтан бер,
Пәле-жаладан сақтай бер.
Ер маңдайын баққа бер,
Абырой асар жаққа бер.
Батпас кұндей шат көңіл,
Жаңа қосақ жасқа бер.
Зор махаббат
Өмірлік серіктері болсын.
Бақыттары баянды болып,
Жаңа емірде
Жолдары сәтті болсын,
Үбірлі-шұбірлі болып,
Мерейлері үстем,
Мәртебелері зор,
Адамгершілігі мол болсын!
Бір-біріне сүйікті,
Ел-жұртына сүйкімді,
Отбасына сиымды болсын!
Осы тілек қабыл болсын!
..........................................
Тәңір ием жарылқап,
Әулиелер жақтасын.
Мал-бастарың аман болып,
Пәле-жаладан сақтасын.
Дендеріңізге саулық беріп,
Тәупықты, абыройлы, бақытты
Ұзақ өмір берсін!
....................................
Еңбектерің енімді болсын,
Абырой, атақтарың арта берсін.
Бақ-дәулет жыл құсындай қатар келсін,
Кесегелерің кегере берсін,
Кекіректеріңді дерт шалмасын.
Кетпес дәулет,
Кең пейіл,
Ұшпас бақыт берсін!
....................................
Асқар таудың паңдығын,
Бұлбұл құстың таңғы үнін берсін.
Даланың жазықтығын,
Гүлдің нәзіктігін берсін.
Теңіздің тереңдігін,
Қыранның көрегендігін берсін.
Ердің көңілін,
Бүркіттің өлімін берсін.
Лашынның жүрегін,
Нағыз достың тілегін берсін.
Мәңгі бақи ажырамас -
Шын ғашықтың білегін берсін.
Қорған болғын халқыңа,
Ел сүйінсін даңқыңа.
Алтыннан жағаң болсын,
Кұмістен тағаң болсын.
Босағаң берік болсын,
Қосағың жерік болсын.
Келіңде балық қайраңдасын,
Ел-жұртың жайраңдасын.
Кекорайдай желкілдеп тұрыңдар,
Сексенге келіп селкілдеп тұрыңдар!
.........................................................
Иілген тал шыбықтай, келін балам,
Кіршіксіз ақ қағаздай сенің бағаң.
Торқалы той жасалды ездеріңе,
Елеулі үлесім бар менің да оған.
Екеуің бірге өткіз мерекені,
Тарықпай тату жандар ер өтеді.
Әр беріп ауылыңа айдай нұрлы,
Кетпейтін орнатыңдар берекені.
Тойыңыз тойға ұлассын тағы болып,
Қосылған екі жастың бағы болып.
Сүйсінсін олар дағы, ұрпағынан
Керетін той қызығы тағы болып.
.......................................................
Астыма мініп келген ала кер тай,
Берейін мен бір бата, қолыңды жай.
Мұстажап менің батам болса қабыл,
Боларсың жыл айналмай мыңғырған бай.
Тәңірім одан кейін бақыт берсін,
Дәреже өзіңізге тақыт берсін.
Дұғамыз мүштәрәкта қабыл болып,
Он жігіт күзетшіге сахит тұрсын.
Қара су мал жериді лайыңнан,
Тілей көр күнде тілек құдайыңнан.
Мал-басың дәулетіңмен бірдей өсіп,
Төңірім айырмасын жұбайыңнан.
.............................................
Алғаның хан Жәңгірдей бақты болсын,
Алтыннан күміс пенен тақты болсын.
Ақ үйің онда тұрған қырға қонсын,
Ақ тісің аузыңды ашып нұрға толсын.
Құдайым әуел басты басты берсін,
Қайырлы ұзақ ғұмыр жасты берсін.
Құдайым енді берсе миды берсін,
Үстіңе ақ күмбездей үйді берсін.
Үйіңе қонақ кұнде қонып тұрсын,
Сыйысып ақ ордалы үй толып тұрсын.
Терісінен бес аиғырдың саба болып,
Қымызын қыз-келіншек құйып тұрсын.
Баласы көргендінің мен де бір ер,
Өмірде бұл жастардың тілегін бер!
Әлеумет осы отырған «әумин» деңдер,
Батаның ең үлкені «аллаһу акбар!»
...............................................
Құдайым берсе саған тұйе берсін,
Тұйені үсті-үстіне үйе берсін.
Мұстажап берген батам қабыл болып,
Арғы атаң, бергі атаңмен тие берсін.
Құдайым саған берсе он ұл берсін,
Ішінде кесте тігер бір қыз берсін.
Біреуі домбырашы, биші болсын,
Біреуі сыбызғышы, күйші болсын.
Біреуі имеңдеген үйші болсын,
Біреуі шелек алған сушы болсын.
Біреуі талтаңдаған әкім болсын,
Біреуі дуалы ауыз ақын болсын...
Үйіңе үлде мен бұлде толғай,
Дегенмен бір күн емес, күнде толғай.
Батасы жамағаттың болып қабыл,
Үйіңе Қыдыр ата келіп қонғай.
Қара су мал ішпейді ылайынан,
Тілей гөр әр тілекті Құдайыңнан.
Батасы жамағаттың болып қабыл,
Айырылма өле-өлгенше жұбайыңнан.
А, Құдайым батамызды жарылқасын,
Ойын-күлкі, қызықтан арылтпасын!

Мақала белгілері: БАТА

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.