Бір кедей байдың малын жалға бағады екен. Оның қолы таң ертеңнен кешке дейін мал бағудан босамайды, ал қолы бос кезде ауыл молдасына барып, оның айтқан әңгімелерін тыңдайтын көрінеді. Ауылда басқа қызық жоқ екен.
Молда ауыл адамдарына әрдайым қаланы және оның тұрғындарын жамандап, әдепсіздіктің, ұятсыздықтың бәрі қалада шоғырланғандығын айтып отырады. Тіпті қала тұрғындарының ұятсыздығы сонша – олар бұттарына дамбал да кимейді деп сендіретін .........................