Үш жүрт
• Ағайын жұрт.
• Нағашы жұрт.
• Қайын жұрт.
Үш байлық:
• Бірінші байлык - денсаулық
• Екінші байлык – ақ жаулық.
• Үшінші байлык- қорадағы бес саулық.
Үш би
• Үйсін Төле би.
• Арғын Қаздауысты Қазыбек
• Алшын Әйтеке би.
Үш дана
• Абай.
• Шоқан.
• Ыбырай.
Үш арыс
• Сәкен.
• Бейімбет.
• Ілияс.
Үш қат
• Жоғары қат (аспан).
• Орта қат (жер үсті).
• Төменгі қат (жер асты).
Үш қуат
• Ақыл қуат.
• Жүрек қуат.
• Тіл қуат.