На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 9-12-2012, 19:08
  • 0
5121- рет көрілді

Босаға майлау (салт)

Категориясы: ---

Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақан-жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады, көптің уүй болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде беріліуі керек.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 9-12-2012, 19:03
  • 0
3143- рет көрілді

Құлақ тесу (ғұрып)

Категориясы: ---

Қыздың құлағын тесу — дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны кұлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Бір қызығы тесілген кұлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе "кұлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді" дейді. Мүмкін мұның да себебі бар шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар... Халық ұғымында қыздың кұлағын тесу — оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Бұл — халық сөзі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 9-12-2012, 18:25
  • 0
18775- рет көрілді

Сүндеттеу (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Еркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу — үлкен рәсім. Ол — әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің "сүндет тойы" деген сияқты жөн-жоралары болады, "кайырлы, құтты болсын" айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай береді. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаган. Оны "сүндет тойы" деп атайды. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 9-12-2012, 18:13
  • 0
28413- рет көрілді

Көгендік (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал (қой, қозы, бұзау, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүргені жақсы, жарасымды салттарының бірі.