Бас парақ > Қаза ғұрыптары > Өсиет
Өсиет25-10-2014, 22:00. Орнатқан: arystan |
Өсиет (дәстүр, ғұрып). "Үзіліп бара ма, жоқ арыз, өсиет айтамын деп әлсіреді ме, білу қиын" (М.Әуезов). Белгілі бір адамның жасы жеткеңде немесе жан тәсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған-туысқандарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. Дәстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс. XVIII ғасырда өмір сүрген батыр, жырау Ақтамберді өлерінде былай деп өсиет айтыпты: Балаларыма өсиет, Кылмаңыздар кепиет. Бірлігіңнен айрылма, Бірлікте бар қасиет. Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке. Араз болсаң алты ауыз, Еліңе кірген әреке... Бар арманым айтайын: Батырларша жорықта Өлмедім оқтан қайтейін!... Өсиет Әз-Тәукенің "Жеті жарғы" заңы баптары бойынша ағайындар мен молдалардың қатысуымен жасалып, куәландырылды. Кері қайту |