Бас парақ > XVIII ғасыр > ТОҚСОБА БИ
ТОҚСОБА БИ25-10-2014, 16:04. Орнатқан: arystan |
Тоқсоба би қатты ауырып, өлім халіне жетіп жатқанда, қасында отырған бір пұшық, бір таз би: - Тоқа, жаман айтпай жақсы жоқ, о дүниелік болып кетсеңіз бізге түк айтпай кетесіз бе? – депті Сонда Тоқсоба би: - Ақылдарың болса маған айтыңдар көрмеген жерге барам, танымайтын елге барам, қараңғы көрге барам, депті Пұшық пен таз не дерін білмей қалыпты. ...................................................................................................... Тоқсоба шешен жолаушылап келе жатып бір ауылдың сыртында қозы баққан сегңз жасар балаға жолығып: - Балам, бұл қозы кімдікі?- деп сұрапты. - Ата, бұл қозы қойдікі. - Әкеңнің аты жоқ па еді, шырағым, - десе: - Әкемнің қара аты да, сары аты да, торы аты да, құла аты да бар,- депті. Шешен ішінен «мынау бір қиқар бала екен» деп ойланып қалады. Таутекенің мүйізінен жасаған сылдырмақты шақшасын ердің басына қағып-қағып, насыбай атады. Сонда бала тұрып: - Ата, шақшаңыз ненің мүйізі, - депті. Балаға іштей қиястанған Тоқсоба: - Бұл біздің елдің қоянының мүйізі, - депті. Шешенннің өтірігін естіген бала лып етіп: - «Елі азғанның жері тозған» деген рас екен-ау. Біздің ел қоянның мүйізінен шаңырақ иеді. Сіздің елдікі шақшаға ғана жарапты ғой, - депті. Тоқсоба тойтарма сөзге түк айта алмапты. Кері қайту |