На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 19:54
  • 60
38794- рет көрілді

ҮЙ ТҰРМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Үй тұрмысыны қатысты

ТЫЙЫМДАР


• Киіз үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. Өйткені бұл -үйден өлік шығады деген ырым. Қазақтың киіз үйінде бір жағдайда ғана - үйде өлік болғанда от жағылмайды, отын сыртқа шығарылады.
• Түнде сандықты ашпайды, ашса, әулеттен біреу-міреу өледі деп жорамалдайды. Ал өте қажет болған жағдайда, «оған жылан кіріп кетті» деп ашады.
• Есіктің киізін үйдің үстіне қарай лақтырмайды, орап қояды. Әйтпеген жағдайда жау найзасымен ашып кіреді, яғни жауласқан адам үй қожасын жеңіп кетеді.
• Ауа райы жақсы болса, түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды. Бұл - жау шақыру деген жаман ырым.
• Жанып тұрған шырақты үрлемейді, өйткені бұлай сөндірсе, адам ұмытшақ болады.
• Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды. Бұл - жамаңдық, шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған.
• Есікті тебуге болмайды. Жау келгенде ғана есікті теуіп кіреді.
• Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл - жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Себебі жау келе жатқанда ғана үй иелері үйді айналып жүрген.