На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 16:07
  • 0
3677- рет көрілді

ШОҚАННЫҢ ҚАЗАСЫН ЕСТІРТУ

Категориясы: Би-шешендер » XIX ғасыр

Шоқан қайтыс болғанда, Тезек төре оны Шыңғыс сұлтанға елдің басты адамдары арқылы естіртпек болады. Тезектің суыт хабарлауы бойынша, Атығай Келдібек би мен Әділбек батыр көп нөкер ертіп, Шыңғыс сұлтанның үйіне келіп түседі. Келсе, сұлтан іштей сескеіп отыр екен. Келдібек би ойлы пішінімен жадырай сөйлеп:
- Төре дүниеде не қымбат?-дейді.
- Адам қымбат,- депті Шыңғыс.
- Адамға не қымбат?
- Бала қымбат, егер сүйеніш перзент туса.
- Жансызда не қымбат екен?
- Жансызда гауһар қымбат деуші еді.
- Теңіздің тұңғиық түбінде жатқан сол гауһардың да иесі бола ма?
- Е, иесіз дүние бар дейсің бе, әр нәрсенің екі иесі бар ғой.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 16:04
  • 0
3362- рет көрілді

ТОҚСОБА БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Тоқсоба би қатты ауырып, өлім халіне жетіп жатқанда, қасында отырған бір пұшық, бір таз би:
- Тоқа, жаман айтпай жақсы жоқ, о дүниелік болып кетсеңіз бізге түк айтпай кетесіз бе? – депті
Сонда Тоқсоба би:
- Ақылдарың болса маған айтыңдар көрмеген жерге барам, танымайтын елге барам, қараңғы көрге барам, депті
Пұшық пен таз не дерін білмей қалыпты.
......................................................................................................
Тоқсоба шешен жолаушылап келе жатып бір ауылдың сыртында қозы баққан сегңз жасар балаға жолығып:
- Балам, бұл қозы кімдікі?- деп сұрапты.
- Ата, бұл қозы қойдікі.
- Әкеңнің аты жоқ па еді, шырағым, - десе:
- Әкемнің қара аты да, сары аты да, торы аты да, құла аты да бар,- депті.
Шешен ішінен «мынау бір қиқар бала екен» деп ойланып қалады. Таутекенің мүйізінен жасаған сылдырмақты шақшасын ердің басына қағып-қағып, насыбай атады. Сонда бала тұрып:
- Ата, шақшаңыз ненің мүйізі, - депті.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 16:02
  • 0
3702- рет көрілді

ТОҚСАН БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Тоқсан бидің әкесі – Жабай би, атасы – Қара би. «Әкем Қара биден қалған билікті бердім» деп кеткен екен әкесі.
Киікбай биден бата алған Тоқсан би үш жүздің билері бас қосқан үлкен бір дауда сарапқа түсіп саңлақ атаныпты. Ел ауыззындағы әнгімелерде Тоқсан бидің әділ сөзге тоқтап, тосылғанын мойындаған тұстары да жоқ емес. Мұның өзі Тоқсанның сөз қадірін қастерлеген ақыл, парасат иесі болғанын аңғартса керек.

ЖҰБАТУ
Ел ішіндегі белгілі де беделді Жаппас деген қарияның жалғыз баласы ер жеткен шағында кенеттен қайтыс болып, қатты күйзеледі. Сенім артқан сүйеніші, көрер қызы бар алданышынан айрылған Жаппасқа бұл қаза қасіреттей батады. Оның жағдайы күнен-күнге төмендеп, төсек тартып қалады. Осы жайды естіген, жастайынан Жаппачты сыйлап өскен Тоқсан би көңіл сұрауға арнайы келеді де, Жаппачтың үйінің босағасын аттай бере ағылтып қоя береді:

-Ей, Жаппас, көтер беліңді, жылатпа еліңді,
Қас нардың қабырғасынан қол сөгілсе де елемес.
Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 16:01
  • 0
6098- рет көрілді

ТІЛЕНШІ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Тілінші – Қаз дауысты Қазбектің немересі. Ел аузында Тіленшінің жас кезіндегі ер Жәнібекпен сөз қағыстырулары, Асаубаймен айтысы сияқты әңгімелері қалған.
Тегінде Тіленші – әкесі Бекболаттың, атасы Қаз дауысты Қазбектің, бабасы Келдібек бидің қасиеті дарыған аруақты жан.
............................................................................................................................................

ТІЛЕНШІ МЕН ЖӘНІБЕК
Дау-шарда Тіленші биден жеңіле берген Қуандық, Сүйіндік елі Тіленшіні шақыртып алдырады. Тіленші би келіп кірген үйде Жәнібек би басын біреуге салып, аяғын біреуге салып, жатыр екен. Ол кіріп келген Тіленші биді көрмеген болып жата беріпті.Тіленшінің жас, албырт кезі екен, ол да аңдаусызда: «О, тәйір басын біреуге, бөксесін біреуге артып жатқан бұл қай кісі? депті.
Сонда Жәнібек би басын көтеріп:
- Әй, мынау қай ұл? – дейді. Қасындағылардың бірі:
- Бекболат бидің баласы –Тіленші би ғой, - депті.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:59
  • 0
2589- рет көрілді

ТЕМІРҒАЛИ ШЕШЕННІҢ ЖҰБАТУЫ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Патша заманында Көкше өңірінің Қозыбай деген бір жақсы адамы Семей жаққа жер ауып келіпті. Сонда Темірғали деген шешеннің айтқан жұбату сөзі:
- Жақсыға жаман – кесір, жақсысы кетсе – жесір. Табында жақсы болса, пайдасы тиер, елінде тентек болса, найзасы тиер, кең қолтық қоғамшыл болсаң, халқың сүйер. Шошынбас жүрек болмас, тосылмас жүйрік болмас, дәмінді алыстан жазса, бармасқа басында ерік болмас. Қисық ағаш тезден мұқайды, дау сөзден мұқайды, ел ішінен шыққан дұшпан жаман, өзінен-өзі мұқайды. Ер жігітке тағылған шынжыр, арқан ар емес, қайратпен оны сүйретпеген жігіт нар емес. Біздің елдің жаманы басыңыздан пәле кетпестей көріп жүрген шығар. Дәміңізді алыстан жазса, топырағыңызды туған жерден жазар, еш нәрсе ойламаңыз.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:57
  • 80
10339- рет көрілді

ТАЙКЕЛТІР ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Тайкелтірдің әкесі – Айдабол би. Ел аузында Тайкелтірге би атағын тапқырлығына, өткірлігіне, туралығына, разы болған Төле би беріпті деген аңыз бар.
..........................................................................................................................................
Тоқалдан туған бала Тайкелтірді бәйбішедег туған бес ағасы жеті жасынан қозының , кейіннен қойдың, түйенің соңына салып қояды да, үнемі кемдікте ұстайды.
Күндердің күнінде Тайкелтірдіңбір тайлағы жоғалып, оны іздеп Шу бойын сүзіп жүріп, кездейсоқ жерден Төле бидің үйіне келіп, бала былай деп сәлем береді:
- Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумсалам, балам, жоғары шық! Кімнің баласысың?
- Айдаболдың баласымын.
- Атың кім?
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:55
  • 100
7370- рет көрілді

СЫРЫМ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Сырым Датұлы қазақ тарихындағы елеулі қайраткердің бірі. 1783-1797 жылдардағы отарлауға қарсы және ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы. Сырым батыр қуғун-сүргінді көріп, әр қилы жағдайда елден ұзақ уақыт жырақ жүрген. 1802 жылы қайтыс болған.
Әділет үшін арпалысқан, халқының қамын кра бастың мұнынан жоғары қойған ер жастайынан-ақ шешен-шежірілігімен көзге түскен, билікке араласқан. Ер аузында Сырым есіміне байланысты айтылатын аңыз әнгіме, шешендік сәз, билік тоқтам, әлен-жыр көп сақталған. Мысалы, «Сырым сазы» күйі батырдың көтеріліс басталар алдындағы ішкі жан тербелісін аңғартады.
Сырымнн әкесі Дат тәір әйелге үйленеді. Одан Сырым туады. Елдің ақмсақалдары:
- Сенін атың бір қоя салған ат еді-ау, есіміңе несібең сай емес,-деп Датты келеке етіп жүреді.
Сырым 22 жасқа толғанда Байбақты руын аралайды. Сонда ағайындары қаумалап Нұралы ханның Есім атты баласы Ақмоншаө деген атын ылауға деп алып, екі жылдан бері қайтармағанын айтады. Сұрай барса:
- Құлаққа –құлақ, тұяққа –тұяқ, ал да бітіс,-дейді Сырымға ел-жұрты. – Сол Ақмоншақты сұрап Нұралы ханға бар. Ақмоншақ күллі Байбаұтың атын шығарған ат еді, -дейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:53
  • 0
2136- рет көрілді

САРЫ ӘЖІБЕК

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Бақтыбай баласы Сары Әжібек он төрт жасында билік айтқан екен. Үйсін, Тобықты екі ру Шу өзенінің шұрайлы жайылымына таласып, аралары бүлінер болған соң, дауды шешуге екі жағы да би сайлап, солар не десе соған көнбек болады. Ақсақалдардың үйғаруымен тобықтылар Құнанбай, үйсіндер Сары Әжібекті сайлапты. Екеуінің айтыстағы билігін тыңдауға екі рудың жақсылары жиналып, екі биді жеке шығарып отырғызыпты. Сары Әжібекті Құнанбай баласынып, сойлескісі келмейді. Үйсіндер бұдан басқа биіміз жоқ дегенсің, Құнанбай амалсыз көнеді. «Екі шалдың ортасында бір бала дана болады, екі баланың ортасында бір шал бала болады» деуші еді, сондықтан даудың билігін мен айтамын дейді Сары Әжібек. Көпшіліктен рұқсат алған Сары Әжібек:

Мен белгілі елімнің Сарысымын,
Ұлы жүздін Сары Әжібек дәрісімін.
Маңдайыиның бағы бар,
Таңдайымның дағы бар.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:51
  • 60
6185- рет көрілді

САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Саққұлақ шешен (шын аты – Сәбелең) бұрынғы Ақмола уезі, қазіргі Ақмола облысы Ерейментау деген жерде 1800 жылы дүниеге келген. Қазақ халқының тарихында есімі мәлім Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі. Тікелей тұқым қуып қарасақ, Бөгенбай батырдың баласы – Тұраналы, одан Бапан би, Бапаннан Саққұлақ туған. Бұл деректер Кемпірбай ақынның Саққұлақтың өзіне айтқан өлеңінде кездеседі.
Ассалаумағалейкум, боз арғымақ,
Қол бастап, ата жауға тартқан садақ.
Бөгенбай Тұраналы, әкен Бапан,
Ежелден ел қорғаған кәрі аруаққ
Саққұлақ бидің әкесі Бапан бұқарашыл, кішіпейіл, ақиқатты сүйген, рақымды адам болған. Әкесінің осындай қасиеттері Саққұлақ бидің ле бойына дарыған. Жас кезінен зерек болып, билердің шешендік өнерімен қатар Тәуке ханның «Жеті жарғысың» жақсы менгерген екен. Осыған орай ол қазақ даласында өмір сүрген ділмар жыраулардың дастандары мен өсиет-қиссаларын, қазақ халқынын, қазақ халқының ежелден бергі тарихын жетік білген. Мал жайын жақсы білген, қолы ісмер болыпты. Қарттардың айтуынша табақ, саптаяқ сияқты үй тұрмысына қажетті бүйымдарды сол аймақта одан артық ешнім жасай алмаған көрінеді. «Ермек болады» деп ол кәсібін қартайған шағында да тастамаған екен. Саққұлақ шешен саятшылықпен де айналысыпты. Ол кісі 88 жасында дүние салады. Зираты Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Қоржынкөл деген жерде.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:49
  • 60
2604- рет көрілді

НАУ ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Нау деген бидің бір ешкісі жоғалып, ешкісін сойған ұрысы табылыпты. Ұры бір ешкінің орнына екі ешкі төлейін десе, Нау көнбепті. Ханға төрелесуге барыпты. Хан Наудың бір ешкісінің төлеуіне үш ешкі бергізіпті – алмапты, тқрт ешкі бергізіпті – алмапты. Сонан соң хан:
- Не қылғаның мынау, ешкіңнің иесі бар еді, соншама, - деп сұрапты. Сонда Нау:
Ешкімнің іші толған лақ еді.
Саусам сүті бұлақ еді.
Қап-қара құрты бар еді,
Қарын-қарын майы бар еді.
Сойсам терісібұтыма қап еді,
Мүйізі пышағыма сап еді,
Қатыным қандай қөретін еді, -
деп шұбырта жөнелтіпті.
- Е, жағын қарысқар, мақтауын келістірдің. Енді ешкіңнің төлеуін айтшы, - депті хан,
- Төлеуіне төрт ешкі,
Айыбына алты ешкі,
Басына қосақ,
Артқа Алға