На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 5-08-2012, 20:47
  • 80
22426- рет көрілді

АЛҒЫС БАТАЛАР

Категориясы: Баталар » Алғыс, сақтандыру

Сұрасаң бата берейін,
Ықыласпен қол жайсаң,
Үстем болсын мерейің.
Басыңа бақ орнасын,
Қызыр болсын жолдасың.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Уа, Жаратқан, жарылқа!
Мезгілсіз келер өлімнен сақта,
Кездейсоқ келген келіннен сақта
Дауылдың кәрінен сақта,
Жыланның зәрінен сақта,
Аяқ астынан келетін
Бәле-жаланың бәрінен сақта!
...............................................

Пейіліңе қонақжай,
Бата берем, қолың жай:
Ақ жарылған жүрегің,
Қабыл болсын тілегің.
Бізге сойдың қой,
Үйіңнен кетпесін той.
Қызығына қанып,
Ішпей-жемей той.
Бізге астың бас,
Берсін саған ұзақ жас.
Ауыздықтап асауды,
Асудан асуға ас!
Сыйлап бердің етіңді,
Жарылқасын бетіңді.
Енді әкелдің сорпаңды,
Орындатсын қолқаңды.
Рахмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болып басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз!
....................................................
Маған жаптың шапан,
Көңілде болмасын қапаң.
Маған мінгіздің ат,
Қыз ұзатып, қызығына бат!
Маған атадың жол,
Ұл есіріп, мәре-сәре бол!
Маған бердің ет,
Келін түсіріп, тілегіңе жет!
Маған бердің сауға,
Басың түспесін дауға!
Алдыма салдың мал,
Алладан рахмет ал!

Мақала белгілері: Бата

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 5-08-2012, 18:36
  • 0
7561- рет көрілді

САҚТАНДЫРУ БАТАЛАРЫ

Категориясы: Баталар » Алғыс, сақтандыру

Бір Құдайым, жарылқа,
Жарылқанғанның ішінде ет.
Бас-аяғын тұгел ет,
Сақтағайсың сәлемет!
Құлың саған аманат.
Баһауитден әулие,
Қағыс тұр, келес бәлекет.
Қағыс тұр, қайыр жараңдар,
Сендерде бар керемет.
Айналайын, құдірет,
Не тілесем қабыл ет!
.......................................
Жаратқан Тәңірім, құлыңды
Иесі өзің бек сақта!
Берекесіз қауымнан сақта,
Неген болған дауыңнан сақта.
Қатты соққан дауылдан сақта,
Қайта шапқан жауыңнан сақта!
Ардан кешкен ақылдан сақта,
Оң-терісті болжатпас,
Шылаулы ердің қарқынынан сақта.
Сыңар езу көсемнен сақта,
Сыған ойлы шешеннен сақта!
Бәлекет шашқан бұзықтан сақта,
Ақ жорға басқан қызықтан сақта!
Бір-бірінен бойы аспақ,
Зор көкірек әндемнен сақта!..........................