Бас парақ > Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты > ЫДЫСТАРҒА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
ЫДЫСТАРҒА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР6-08-2012, 20:13. Орнатқан: arystan |
• Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды. • Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды. • Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді. • Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады. • Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді. • Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады. • Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді. • Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді. • Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады. • Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді. • Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет. • Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді. Кері қайту |