Бас парақ > Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты > НАНҒА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
НАНҒА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР6-08-2012, 20:03. Орнатқан: arystan |
• Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек. • Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти» деген сөздер бекер айтылмаған. • Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады. • Нанды басып Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып нанды алуға болады. Кері қайту |