Бас парақ > Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты > СҮТ ТАҒАМДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
СҮТ ТАҒАМДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР6-08-2012, 20:18. Орнатқан: arystan |
• Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек. • Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады. • Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді. • Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды. • Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады. • Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады. • Ақтың жуыңдысын адам жүретін жерге төгуге болмайды. • Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды. Кері қайту |