Бас парақ > Отқа, күнге, айға қатысты > ОТҚА ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР
ОТҚА ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР6-08-2012, 20:23. Орнатқан: arystan |
• Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді. • Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады. • Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады. • Түнде үйден күл шығармайды. Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді. • Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей. Кері қайту |