Бас парақ > Өлікке қатысты > ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН НАНЫМДАР
ӨЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН НАНЫМДАР6-08-2012, 20:15. Орнатқан: arystan |
Тыйымдар • Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай киналады. • Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді. • Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламағаны жөн. Ол о дүниеге әке-шешесін күтіп алуға кетеді. Ал әке-шешесі көп жылай берсе, көз жасынан пайда болған көлге батып кетіп, әке-шешесін күтіп ала алмайды. • Өлік жатқан жерді қырық күнге дейін басуға болмайды. Бұл күндері өлік жатқан жерде қайтқан адамның иесі жүреді. • Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинаса, әруағы риза болмайды. • Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіріп, тамақ ішпейді. Бүл «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырым. • Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда баска үйге кіріп тамақ ішуге болмайды. Бүл да «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырымнан туған, Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отырса, әруақтар риза болмайды. • Өлген адамга дауыс көтеріп жоқтап жылағаннан кейін беті-қолды жумай тамақтан дәм тату күнә болып саналады. • Өлген адам тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтса, о дүниеде жаны қиналады. • Қабірдің топырағын үйгенде топырақ тастаушылар күректі аяқпен баспайды және бірінің қолынан бірі күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады. Бүл «өлім-жітім аз болсын» деген ырым. Кері қайту |